Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Жаңа әріптестердің көңілінен қалай шығамын?

Жаңа әріптестердің көңілінен қалай шығамын?

Жаңа әріптестердің көңілінен қалай шығамын?

Күз - өзгеріс мезгілі. Егер сәтіңіз түсіп, осы күзде жұмыс ауыстырсаңыз, мына мақала сізге пайдалы бола алады.

Танысыңыз

Танысу - коллективпен тіл табысуға басты қадам. Өзіңізді байыпты, салмақты, өзіне сенімді маман ретінде көрсетіңіз. Амандасып, өз атыңызды айтыңыз. Жеке әр қызметкермен таныссаңыз, тіптен жақсы. Әріптесіңіздің көзіне тура қарап, дауысыңызды шығарып, батыл сөйлеңіз. Әркімнің есімін сұрап, есте сақтауға тырысыңыз. Қорықпаңыз, олар да сіз сияқты адам емес пе? Келесі күні амандасып, қалын сұрауға ұмытпаңыз.

"Барып кел, шауып келге" айналмаңыз

Әріптестеріңіз бен басшылығыңыздан сізге тиісті қызмет жайлы сұрастырыңыз. Басқаларға өз жұмысын сізге арттыруға бермей, өз міндеттеріңізді ғана жасаңыз. Қысқасы ешкімді мойныңызға отырғызбаңыз.

Ұялмаңыз

Әркім өзінің бірінші жұмыс күні не істеуі керектігі жайлы білмей отыратыны белгілі. Сондықтан жаңа әріптестерге сұрақ қойып, көмек сұраудан ұялмаңыз. "Ұялшақ" атағы жабысып қалса, ертең әріптестермен тілдесу тіптен қиынға соғады.

Тыңдаңыз

Кеңседе құлақшынмен әуен тыңдағанның орнына, кеңселік әңгімелерді тыңдап отырыңыз. Сонда әріптестеріңіз жайлы көбірек біліп, кеңселік жаңалықтардан құр қалмайсыз. Мүмкіндік болғанда, өзіңіз де әңгімеге кірісіп, өз ойыңызды айту арқылы, әріптестеріңіздің арасында таныла бастайсыз.

Күлімсіреңіз

Жаңа әріптестер мен басшылықтың көңілінен шығудын бірден-бір жолы - күлімсіреу. Әрине езуіңізді жимай, әріптестерді әзілдермен шаршатып жүрмеңіз. Арасында әзіл айтып, күліп, көз қысып қойсаңыз, жеткілікті.

Ең бастысы есте сақтаңыз: кеңседегі сіздің жаңа әріптестеріңіз сіз сияқты қызмет жасап, нанын тауып жүрген кісілер. Күнделікті бірге отыратын адамдармен неге достаспасқа?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: asks.ru

2668 8
Рейтинг: +4

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 01 қазан 2012, 17:36
Пікірлер
+0
01 қазан 2012, 17:22

оқып жатсыңдар ма? :D

+0
01 қазан 2012, 17:22

жақында әріптестер қатарымыз толықты, соларға кеңес болсын) а так, жаңа әріптестеріңді қыдыртыңдар, обед алып беріңдер деген бір-екі кеңес қосар ем)

+0
01 қазан 2012, 17:36

мен "зеленый" болғанда, ешкім обед әпермеді :mrgreen:

+0
01 қазан 2012, 17:39

біз келгенде жазылғанда ғой, әттең :D

+0
01 қазан 2012, 17:41

шынында пайдалы болды :)

+0
01 қазан 2012, 18:42

Сәния пікіріңе қосылам, мені қыдыртып, тамақ алып беріп тұрасың ғой енді.

+0
02 қазан 2012, 10:30

мен көп наушник тыңдайм, виртуал әлемде көп оытрам

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев