Сүйгеніңізге қандай ұсыныс жасар едіңіз?

Сүйгеніңізге қандай ұсыныс жасар едіңіз?
Фото: sdelat-predlozhenie.ru

Қандай ару болмасын өзінің сүйген жігітінің ұсыныс жасау уақытын күтіп жүретіні белгілі. Ал, керісінше ер азаматтар мұндай уақыттың жауапты екенін сезініп, толқуға жиі беріледі. Сонымен қатар өзінің сүйген қызының "иә" деген жауабын беру бермеуіне де қатты алаңдайды. Өйткені қыздың ұзақ жылдар жүріп әлі де болса қалыңдық болуға дайын емес екендігін білдіріп "жоқ" деп теріс айналып кеткен кездері ғашықтар арасында көп болған.

Жалпыұсыныс жасау жағдайы жігіттің идеясы мен мінезіне байланысты орын алады. Ал, біздің елде кейбір серілер қыздың рұқсатынсыз-ақ алып қашып та жатады. Сонымен өздерін романтик санайтын азаматтар қандай ұсыныстарды жасағанды ұнататынын тізімдеп көрейік. 

Соңғы уақытты сүйгенін кинотеатрға апарып, фильм басталмай жатып алдын ала видеоролик жасап соңынан сөз салатын серілер көбейіп кетті. Бұл біріншіден соңғы уақыттағы креативті идея болса, екінші жағынан ешкім күтпеген тосын сый жасауға өте ыңғайлы. Талай жігіттің жасап үлгерген тәжірибиесін енді жасамауына кеңес береміз. Себебі қазіргі таңда көптеген арулар кинотеатрға кино көру үшін емес, ұсыныс жасап қалар деген үмітпен де баруы мүмкін. Сондықтан ерекшелікке ұмтылып көріңіз.

Ұсыныс жасаудың тағы бір түрі ғашық болған жігіт өзінің айтар сөзін алдын ала ақ қағазға жазып, кейіннен соның барлығын бірдей өзінің сүйгенінің алдына әкеледі. Мұндайды ең алғаш көрген арулар сөйлемді толық оқымастан, қуаныштан көз жасына да ерік беріп үлгерген. 

Қытайлық бір азамат өзінің сүйіктісімен ең алғаш фаст-фуд дүкенінің алдында танысқан. Арада біраз уақыт өткеннен кейін 1000 бутербродты алып "маған тұрмысқа шығасың ба", деп сұлудың есік алдына жазған екен. Егер қай жерде ең алғаш танысқаныңыз есіңізде болса, соған қарай әрекет жасауды да ұмытпаңыз. Себебі, сұлулар сүйгендерінің есте сақтау қабілеті жоғары болғанын ұнатады.

Кейбір азаматтар өзінің сүйген қызына агрессиялық тұрғыда сөз айтады. Кафеде немесе көшеде төбелесіп, болмаса құқық қорғау қызметкерлердің көмегіне жүгіну арқылы түрлі құйтырқы әрекеттерге барады. Көп жігіттерге мұның қатты бір пайдасы болмайтынын ескерткіміз келеді. Себебі әбден шошынған қыз соңында "жоқ" деп жауап беруі де ғажап емес. Ұсыныс жасау деген негізінен ең тәтті кездің куәсі емес пе.

Ал, жұлдыздар мен танымал адамдардың сонымен қатар қалтасы қалың азаматтардың ең көп ұсыныс жасайтын орындары адамдардың көп шоғырланған орындары болып табылады. Бұл барлық әлемдегі қалыпты жағдайлардың бірі. 

Сонымен қатар соңғы уақытта бір топ жігіттің флешмоб билейтіні де үлкен көлемде таралуда. Бірдей киініп сұлудың жүрегін селт еткізер әрекеттер жасайтын жігіттер ерекше тосын сыймен аруларын қуантуда.

Бұдан да бөлек көптеген ұсыныс түрлерінің кездесетіні рас. Алайда, ең бірінші жұрттың көзіне түсуді емес, сүйгеніңізге ұнауды, содан кейін ұзақ уақыт өткеннен соң әңгіме етіп отыратын маңызды әрекет деп санаңыз.  

 

B. ZHAQSYMBET