Мен үшін сәннен қалған 7 зат

Мен үшін сәннен қалған 7 зат
Фото: vk.com

Джошуа Беккер есімді жазушы өзін ендігі уақытта қызықтырмайтын заттарды айтып өтіпті. "Неғұрлым аз нәрсе сатып алған сайын, өмірге соғұрлым басқа көзқараспен қарай бастадым", – дейді ол. Оның ойынша, қоғам "табысты адам" деп ақшасы көп жандарды айтады. Бұл – аса дұрыс емес. Ары қарай жазушының өз сөзін ұсынайық.

Біз қоғамның пікіріне қатты тәуелдіміз. Сондықтан ақшасы көп жұмысқа ұмтыламыз. Мен үшін сәннен қалған нәрселер бар. Олар:

1. Киімнің маркасы

Киімге жабыстырылған бренд атауының не үшін сонша маңызды екенін ешқашан түсіне алмаймын. Мен жейдедегі логотипке, әмиянға, сағатқа таңғалуды білмеймін. Оның орнына болмысымен, мінезімен жүрекке әсер қалдыратын жандарға деген құрметім басым.  

2. Әшекейдегі карат саны

Жаңа кітабымда үйленгендеріне 5 жыл болған Брайн мен Николь есімді кейіпкерлер бар, олар күн сайын неке жүзігінің ақшасын төлеу үшін қалаған заттарын ала алмай, өздерін шектейді. Тастың мөлшеріне таңғалған адам да болған шығар, бірақ, көпшілік оны байқамады да. Осынша күш жұмсауға неке жүзігіндегі тас лайық па, қалай ойлайсыздар?

3. Автокөлік құны

Көліктің қауіпсіздігі аса маңызды екені рас, әсіресе, уақытымыздың көп бөлігі көлікте өтетін болса. Бірақ қазіргі таңда автокөлік тек қатынас құралы ғана емес. Мысалы, автокөлік 60 секундтың ішінде бағдаршамның қызыл түсіне тоқтап тұрғанда бейтаныс адамның таңданысын тудыра алатын жағдайға жетті. 

4. Үй көлемі

Өз үйің – өлең төсегің. Өз отбасыма үй сатып алғанда, кеудемді мақтаныш сезімі кернеді. Бірақ бірнеше жыл бұрын одан кішкентай үйге көштік, осы шешімім үшін ешқашан өкінген емеспін. Зәулім үйлердің жанынан өткен сайын шағын ғана жанға жайлы ұямызда бақытты өмір сүріп жатқанымызды есіме түсіремін. 

5. Шоттағы ақша

Қазіргі таңда табыстың белгісі – шоттағы ақша екені сөзсіз. Бізден бұрын өмір сүргендер де осылай пайымдаған. Банк шотындағы ақша саны табыс белгісі болмай шықса ше? Мүмкін саналы ғұмырымызда жасай алатын жақсы әрекет санының бәсі биік болар?

6. Ұялы телефон үлгісі

Екі-үш күн бұрын саябақта бала-шағаммен және олардың кішкентай достарымен қыдырып жүрдім. Мені таңғалдырғаны балалар технология жайын көп талқылады. "Сенің айфоның қандай? Айподтың үлгісі қандай? Кімге смартфон сыйланды?". 10 жасқа да толмаған балалар уақытының көп бөлігін заманауи технологияны талқылауға жұмсайды. Сөздеріне араласқым келген, бірақ, есімді тез жинадым, біз, ересек адамдар, олардан тым алыстамыз. 

7. Әлеуметтік желідегі "қымбат" суреттер

Бәріміз жаңа киім сатып алғанда, мейрамханада тамақ ішіп отырғанда, концертте, ұшақта, бір сөзбен айтқанда өміріміздің жақсы сәтінде суретке түсіп, оны желіге жүктейміз. Бірнеше рет түсіп, ішінен ең жақсысың таңдаймыз. Бір қызығы журналдарды фотошоп қолданғаны үшін айыптай отырып, өзіміз әлеуметтік желіге жүктемес бұрын суретімізді барынша әдемілейміз. Басқаларға өз затымыз арқылы әсер қалдыруға тырысқанша, өз өміріміз бен өмірлік тәжірибемізді үлгі етейікші...  

М. Оңғарова