"Жақсылық жасап жарысайық" атты қайырымдылық шарасы өтті

"Жақсылық жасап жарысайық" атты қайырымдылық шарасы өтті
Фото: www.cswhys.com

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, орыс филологиясы және әлемдік әдебиет кафедрасының мұғалімдері Итжанова Назым Байғазықызы мен Ибраева Данара Сабырқызы 1-2 курс студенттерімен біріге отырып «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Жақсылық жасап жарысайық» атты шарасын өткізді.

Шара барысында тарих, археология және этнология факультетінің 2 курс студенттерімен жалғыз тұратын, зейнеткер Сабанов Қ.Қ. атты Алматы қаласының тұрғынына көмек қолын созып, үйге қажетті құрал-саймандарын сыйға тартты. География және табиғатты пайдалану факультетінің туризм мамандығының 1 курс студенттері Даму интеллектуалдық қабілеті төмен балаларға арналған №6 мектеп-интернатындағы оқушылармен кездесіп, әңгімелесіп, оқушылармен ойын ойнап және де арнайы балаларға алған тәттілері мен сыйлықтарын үлестірді. Оқушылардың мектеп-интернаттағы өмірі, мұғалімдердің балалармен қалай жұмыс істейтіні, сабақтарының өту барысымен танысып қайтты. 

Сонымен қатар, география және табиғатты пайдалану факультетінің кадастр мамандығының 1 курс студенттерімен біріге отырып, Елжан атты кішкентай бүлдіршіннің еміне азды-көпті қаражат жинап, сауығып кетуіне сауапты іс жасалды.  Бұл шара болашақта да өз жалғасын таппақ!

Итжанова.Н.Б 

Ж. Жұмағұлов