Жігітке кері әсер беретін 5 нәрсе

Жігітке кері әсер беретін 5 нәрсе
Фото: вконтакте

Жігіт тумысынан сабырлы әрі салмақты болуы тиіс. Бұл оның табиғатының болмысы. Ішінара жеңіл мінезділері болмаса, жігіт атына лайық болғаны жақсы. Сіз өз атыңызға лайық болсаңыз қыз да сіздің қасыңыздан табылады. Қазақта «ел мақтаған жігітті қыз жақтаған» деген сөз бекер айтылмаған.

Қыздардың ескермей кететін нәрселері бар. Аталған іс-әрекеттер сабырлы әрі салмақты жігітті өзгертіп жіберуі мүмкін. Сондықтан біз ұсынған бес нәрсені істеуден, айтудан аулақ болыңыз.

Қаржылай көмек көрсету

Отбасында немесе жалпы өмірде күйеуіңіз не жігітіңіз сізге қаржы жағынан қысылғанын айтса, сіз тек тыңдаушы құлақ болып қалыңыз. Оған көмектесуге талпынып, екінші жұмыс іздеп сабылмаңыз. Өйткені бұл жігіттің психологиясына кері әсер етеді және күйзеліске түсіреді. Жігіттің мәселесі де қыздың мәселесі де жігіттің өзінікі болып қалуы керек. Қаржы табу, отбасын асырау оның ең бірінші міндеті болғандықтан, міндетін сезінуін қадағалаңыз.

Қымбат сыйлық беру

Жігітке қымбат сый жасауды қажеті жоқ. Оның ең қымбат сыйлығы сіз болуыңыз керек. Оған күн сайын жылы қабақ танытып, асын дайындап, қасында болсаңыз, осының өз жеткілікті. Қымбат сый жасап, көп шашылып, жігітті бүлдіріп алмаңыз. Өмірде бәрі де мүмкін.

Оның басына түскен мәселесін талқылап, аяушылық таныту

Кей жігіттер басына түскен қиындықты сізбен бөлісуі мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Оған мән бермеңіз деп айта алмаймыз. Тыңдаңыз, түсініңіз, бірақ аяушылық танытып, мәселенінің шешімін табуға тырыспаңыз. Тіпті жұбатуды да қажеті жоқ. Жігіт өзін әлсіз сезінуі мүмкін. Ең дұрысы «сіздіңше қалай істеген дұрыс, шешімі осы болар ма екен» деген секілді сұрақтармен ғана жауап қайтарыңыз. Яғни, өз мәселесін өзі шешу үшін тек әсер етіңіз.

Ақыл айтып пікір білдіру

МҰНЫ ҰМЫТЫҢЫЗ! Тіпті ер адам сізден қалай істеу керектігін сұрап тұрса да, жауаптан басқаша жалтарып кетіңіз. Оған ақыл айту дегенді ашық түрде жүзеге асырмаңыз. Ақыл бердім дегеніңіз билікті қолыма алдым дегеніңіз. Сондықтан сақ болыңыз.

Жігерлендіру

Жігітке ешқашан жігер беріп, қай жерде не істеу керектігін үйретпеңіз. Барынша қарапайым болыңыз. Жігіттің намысына тиетін үлкен әрекеттің бірі де осы. Сондықтан өзіңіздің әйел заты екеніңізді ескеріп, қалыс қалып отырыңыз.

М. Ақан