Сөмкеңіздегі бұйымнан мінезіңізді таныңыз

Сөмкеңіздегі бұйымнан мінезіңізді таныңыз
Фото: Pinterest

Адамның киімі, әтірі, сөмкесі арқылы оның бітім-болмысын, ішіндегі сырды білуге болады.
Соның ішінде сөмке арулардың күнделікті өмірінде маңызды рөл атқаратын бұйым екеніне ешкім күмән келтірмейді. Қай жерге барса да қолдан түспейтін сөмке үлкен-кіші көлеміне түр-түсіне, сырт пішініне, арзан-қымбаттығына байланысты иесінің мінез-құлқынан хабар беріп тұрады. Сөмкені керек-жарақтарды салып жүру үшін ұстайтындар болса, жай ғана үйлесімдік аксессуар ретінде ұстап жүретіндер де жиі кездеседі. Сөмке ұстау ережесі мектеп кезінен қалыптасады. Нақты керек кітап-дәптерлер мен қаламын ғана салатын ұқыпты оқушылар болады. Керек емес қағаздармен толтырып жүретіндер болады. Соған сай не керектің бәрі сөмкесінен табылатындар да бар. Бір қалам мен бір дәптерді таситындар да кездеседі. Қысқасы, сөмкенің  ішіне қарап адамды тани аламыз.

Іскер бойжеткендердің сөмкесі – әрқашан тәртіп пен тазалық болады. Оның ішінде бірнеше қалам, күнделік, дәптер, планшет немесе смартфон, кітап таба аласыз. Мұндай ару өз-өзіне сенімді, батыл, мансап қуып, жетістікке жетуге ұмтылады, кәсібінде табысты болады.

Ұқыпты қыздың сөмкесінде – өмірдің кез келген жағдайы үшін қажетті заттар табылады. Ине мен жіп, дәрі, шұлықтар және тағы басқа майда ұсақ-түйектер. Бұл сөмкенің қожайыны ұқыпты, епті кез келген жағдайдан шығар жол таба алатын ару.

Романтикалық қыздардың сөмкесінің – ішінен табылмайтын зат болмайды. Әрі оның жартысынан көбі қажет емес, артық заттар. Кеше барған киноның билеті, оқылып қойған журнал және сол сияқты қажет емес дүниелер. Мұндай ару армандауды жақсы көреді, өмірге жеңіл қарайды.

Ұстамды қыздың сөмкесінде – артық нәрсе кездеспейді. Кілттер, телефон, әмиян сынды тұрмысқа ең қажетті заттар ғана салынатын сөмке өз иесін ұстамды, сабырлы, бойжеткен ретінде көрсетеді.

Тұрақсыз қыздың сөмкесінде – қажет емес заттардың көптігі сізді таң қалдырмай қоймайды. Ең қызығы, бұл сөмкенің қожайыны өз сөмкесінің қандай жағдайда екенін толық түсінбейді. Өмірінде де ол тұрақты емес. Сүйікті жандармен оңайлықпен айырылысып, жаңа таныстармен оңайлықпен қауышады.

Сіз сөмкеңізге не салып жүресіз?

Ә. Жутаева