Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Тест. Оптимиссіз бе?

Тест. Оптимиссіз бе?

Тест. Оптимиссіз бе?

Бір күні бөлмеңізге терезеден көгілдір құс ұшып кіріп, торға түсіп қалады. Адасқан құстың бір қасиеті сізді елітіп әкетеді, оны асырап алғыңыз келеді. Тағы бір қызығы, ол құс келесі күні түсін сарыға өзгертеді. Осылайша бұл таңғажайып құс әр күн сайын жаңа түске боялады: үшінші күні – қызыл, төртінші күні – қап-қара. Бесінші күні сіз оянған кезде құстың қауырсындары қандай түске боялады деп ойлайсыз? Немесе боялғанын қалайсыз?

1. Құс түсін өзгертпей сол күйінде қалады.

2. Ол бастапқыдағыдай көгілдір түске боялады.

3. Ол ақ түске боялады.

4. Құс алтын түске боялады.

Жауабы:

Сіздің бөлмеңізге ұшып келген құс бастапқыда бақыт пен табыстың символы болып көрінгенімен, күтпеген жерден түсін өзгертеді. Осыдан кейін бойыңызда бұл қуаныш сезімі ұзаққа созылмай ма деген қорқыныш пен күдік пайда болады. Ал сіздің таңдаған жауабыңыз алдыңызда кездескен қиындық пен жайсыз оқиғаларға қандай жауап қайтаратыныңызды көрсетеді.

1. Құс сол күйінде қара болып қала береді дегендер өмірге пессимистік көзқараспен қарайды. Сіз жаңбырдан кейін кемпірқосақтың шығатынына сенбейсіз. Мүмкін сізге барлығы осыншалықты жаман көрінген болса, одан артық қандай жамандық болады деп ойлаған дұрыс шығар. Есіңізде болсын бітпейтін жауын-шашын немесе таңды атырмайтын түн жоқ.

2. Ал құс бастапқы қалпына келіп, қайтадан көгілдір түске боялады дегендер өмірге оптимистік көзқараспен қарайды. Сіз өмірдің жақсы және жаманнан құралып, екеуінің қатар жүретініне сенесіз. Шындықты қалай бар, дәл солай қабылдайсыз. Өмірдің кедергілерін сабырмен қабылдап, күйзеліске бой алдырмайсыз. Осы қасиетіңіздің арқасында өмір арнасында адаспай, қашан да болсын сергек ойлай аласыз.

3. Ал құс қауырсындары ақ түске өзгереді дегендер қиын-қыстау кезеңде сабыр сақтап, дұрыс шешім қабылдайды. Дүниенің астаң-кестеңі шығып жатса да, уайым мен қайғыға уақыт жұмсамайсыз. Қателескеніңізді біле салысымен, оны түзеуге асығасыз.

4. Ал құс алтын түске боялады деп жауап бергендерді еш нәрседен қорықпайды деп айта аламыз. Сіз нағыз қиындықтың дәмін татып көргенсіз. Сол қиындықтардың арқасында әрдайым сабақ алып, жігеріңізді қайрайсыз.

2
Рейтинг: +2

Фото: Wattpad
Қосылған күні: 18 қазан 2016, 11:21

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.