Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Егер ол шын сүйсе...

Егер ол шын сүйсе...

Егер ол шын сүйсе...

Риясыз сезімді қалай өлшеуге болады? Жанарынан, сөзінен, қылығынан, іс-әрекетінен... Төменде көрсетілген критерийлерге қарап, ғашығыңыздың сізді қалай сүйетінін біле аласыз ба?

Егер бір жан сізді шын сүйетін болса, сізге ренжи алмайды, ренжіген күннің өзінде тез ұмытып кетеді.

Егер бір жан сізді шын сүйетін болса, ол сізге тек өзі ғана атайтын, еркелететін ат қойып алады.

Егер ол сізді шын сүйетін болса, ол сізді кішкентай балаша еркелетіп отырғысы келеді, алайда ол өзінің неге осылай істейтіндігінің себебін айтып бере алмайды.

Егер бір жан сізді шынайы сүйетін болса, ол сізді шаттыққа бөлей де алады, көз жасыңызды көлдете де алады.

Егер бір жігіт сізді шын сүйетін болса, ол сізді ең жақсы адам деп біледі, ол ешқашан сізді басқалармен салыстырмайды, әрі сізді "идеал" болса екен деп те ойламайды.

Егер бір жан сізді шын сүйетін болса, сіз оның қасында болмаған күндері дамылсыз телефон шалып, денсаулығыңызға көңіл бөліп, уақытында тамақтануды ескертіп отырады, өйткені сіздің өміріңіз – ол үшін маңызды.

Егер бір жан сізді шын сүйетін болса, сіз қиындыққа ұшырасаңыз, сізден бетер қиналады.

Егер бір жан сізді шын сүйетін болса, ол өмір бойы сізбен бірге болуды ойлайды, ол сізді өміріндегі ең маңызды адам деп ойлайды.

Егер бір жан сізді шын сүйетін болса, ол үнемі сізді бауырына басып, өзінің жүрек дүрсілін тыңдатады.

Егер бір жан сізді шынайы сүйетін болса, сіз үшін құрбан болудан тайынбайды.

Егер осылардың барлығын емес, екі-үшеуін орындай алмайтын жан сіздің жаныңызда жүрсе, сізді шынайы сүйе қоюы екіталай...

0
Рейтинг: +3

Фото: amur.kz
Қосылған күні: 16 қазан 2016, 13:35

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.