Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Жігітті онлайн түрде ашуландыру

Жігітті онлайн түрде ашуландыру

Жігітті онлайн түрде ашуландыру

Осыдан бірнеше жыл бұрын жігіттің көңілін аудару үшін жаңа көйлек киіп, жаңа шаш сәнін жасайтын. Ұрыс орын алған жағдайда, бетіне бәрін айтып, артыңыздан есікті тарс етіп жабатын едіңіз. Ал технология мен ғаламтордың дамығаны соншалық, қазірде жігіттің ашуын келтіру үшін қоғамдық желідегі статусыңызға "шағып алатын" ескерту жазсаңыз жеткілікті. 

Статусыңызды өзгертіңіз


Ортақ достарыңыз бен таныстарыңызға көрінетін статусыңызды дөрекі бір әзілге ауыстырыңыз. Жігіт бұл сөздер оған айтылғанын түсініп, ашуланады. Статус өзгертуге құмар болсаңыз, өмірдің мәні жайындағы бір-біріне ұқсас сөздердің орнына бәрінің көңілін көтеретін, бір жағынан жігітіңізге сіздің бір нәрсеге наразылығыңызды көрсететін сөздер жазған дұрыс. Көп жағдайда қыздардың жазатын статустарының мағыналары "ашық" емес, тек жігіт түсінетіндей болады. Ұрсысып алып, "үндеу хат" жөнелткен қыз осылайша ашуын басады. Бұл да қоғамдық желілердегі статустың бір жақсы жері.

Жаңа фотосуреттер жүктеңіз

Жігіттер көре алатын нәрсеге сенеді. Сондықтан екіойлы статусыңызға қол сілтеген жігіт, сіздің қыздардың арасында кешкі отырыста көңіл көтеріп отырған суретіңізді байқамай қалмайды. Ал суретте қалаған сезіміңізді көрсете аласыз. Жалғыздықты - терезе маңында алысқа қарап, көтеріңкі көңіл-күйді - достармен көңіл көтеріп, бақытты - сүйікті бауырыңызды құшақтап көрсете аласыз. Суретте басқа жігіттердің болуы да әбден мүмкін. Бастысы суреттер арқылы сіз онсыз-ақ өмір сүруді жалғастыратыныңызды байқатасыз.

Қалаңыздың ең жақсы мейрамханаларында "белгіленіңіз"

Ғаламтор қызметтері бізге болған жерімізді навигация арқылы тауып, сол жерде белгіленуге мүмкіндік береді. Тіпті жаңа түскен суреттің қасына, бұл кеш қайда өткенін белгілеп қойсаңыз болады. Сізді үйде жылап отыр деп ойлаған жігіт, онымен ұрсысқанан кейін мейрамханалар мен кинотеатрларда жүргеніңізді көріп, іші күйеді. Ол жердегі жігіттер басыңызды айналдырмағанша, қасыңызға барып татуласқанды жөн санайды.

Достардан өшіріңіз

Бұл жігітті ашуландырудың ғаламтордағы соңғы шарасы. Ашу үстінде енді хабарласпаймын деп, жігітіңізді өшіріп тастаған кездер болды емес пе? Бірақ есіңізде болсын, достардан өшірілген жігітке жоғарыда айтылған шараларды қолдана алмайтындығыңызға өкінуіңіз мүмкін. Сонымен қатар оффлайнда татуласып кетпейсіз деп кім айтты? Сондықтан 7 рет  ойланып, бір рет кесіп барып, өшірген дұрыс.

Ал сіз осы шараларды қолданып көріп пе едіңіз?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: wwwomen.com.ua, m.kalitva.ru

5136 11
Рейтинг: +6

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 12 қыркүйек 2012, 17:29
Пікірлер
+0
12 қыркүйек 2012, 17:13

)))) расымен статус тек бір адамға бағытталады ғой, шіркін ))

+0
12 қыркүйек 2012, 18:07

:lol: статусымды жөндеп қояйын

+0
12 қыркүйек 2012, 18:32

ах ты а! ах ты оооой :)

+0
12 қыркүйек 2012, 20:42

Қуанышты статус қойып, көңілді өлең, көңілді сөздер жазып қойсаң болды))) Агенттегі бір досыңнын микроблогына досыңның атым атап күнім, жаным деп қосып қойсаң да жетіп жатыр :lol:

+0
12 қыркүйек 2012, 21:35

мынадан кейін төбелес бсталады ғой біреулер үшін

+0
12 қыркүйек 2012, 22:56

мирга суре кою деген д9рыс екен :lol:

+0
12 қыркүйек 2012, 23:29

Ойда жүретін болады.. :D

+0
13 қыркүйек 2012, 14:02

статусты өзгерту мен достар қатарынан өшіруді пайдаланамын көбіне,пайдасы бар ;)

+0
13 қыркүйек 2012, 14:06

қыдырып журмін, :lol: осы көңілді деген статустарда ең тиімдісі,ашуландыру ушін :)

+0
15 қыркүйек 2012, 23:25

joook..bulai etpender..tukte kajeti jok..aiteuir bir kuni okinesinder,,,aldaryna keledi nemese bar adam senen suyp ketedi..ar isti mukiat sabyrlykpen wewken durys

+0
23 сәуір 2013, 23:50

а мен сразу мына статусты койдым " В мире все забываемо, заменяемо и посылаемо.." дурыс па?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...