Кофеге қарап, мінезін таныңыз

Кофеге қарап, мінезін таныңыз
Фото: coolvape.ca

Психологтардың айтуынша, адамның кофенің қандай түріне құмар екендігіне қарап, оның мінезіне баға берсе болады. Ендеше біреуді жақынырақ танимын десеңіз, оны тек бір шыны ыстық кофеге шақырсаңыз болғаны.

Эспрессо таңдаған адамдар жиі жағдайда реалист болады. Дәстүрлерді ұстанатын, тура мінезді адамдардың сүйікті кофесі осы. Мұндай адамды бірдеңеге көндіремін деп ойламаңыз, ол әр уақытта тек өзіне сенеді. Алайда мұндай адамға толықтай сенуге болады. Ол айтқан сөзінде тұрып, жақсы кеңес бере алады. Олар классикалық киім стилін, дәстүрлі музыканы таңдайды.

Лотте атты кофені сүйіп ішетін жандар – қоғамдық кісілер. Олардың әзіл айту қабілеті жақсы дамыған. Достарының арасында күлдіргіш, көпшіліктің назарында болғанды ұнатады. Қоғамдық өмір қолдарынан келеді, өздері соған риза болады.

Капучино кофесін сезімі ақылынан асқан жандар таңдайды. Олар армандауды жақсы көретін романтиктер. Жүректері мейірімге толы олар, басқалардан да шыншылдық пен ақкөңілділік күтеді. Олар ыңғайлы өмір, үй, көлік таңдайды. Жағымды, демалуға мүмкіндік беретін музыка тыңдайды.

Американо кофесіне тапсырыс беретіндер рационалды, ақылды адамдар. Олар пысық, ойлары өткір, айлакер келеді. Мақсатына жетуі үшін бар күшін салатын сәтті адамдар. Олар салтанатты өмірді қалайды, қымбат көліктер мен үйлер, ерекше музыка таңдайды. Алайда олар күнделікті өмірден қашып, қала сыртында, өз әлемдерінде өмір сүргенді қалайды.

@. @assel_assanova