Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Риясыз сезім жауапсыз қалмас

Риясыз сезім жауапсыз қалмас

Риясыз сезім жауапсыз қалмас

Махаббат әлемінде жалғандыққа, сатқындыққа жол жоқ. "Біз бір-бірімізді шын сүйдік, бірақ біз бір бола алмаймыз" деген сөздер адамдардың өз-өздерін алдау үшін, өз-өздерін жұбату үшін ғана айтылады. Анығында, олардың махаббаттары шынайылықтан болмаған. Риясыз сезімді кім қиып тастап кетеді дейсіз? 

Шынайы махаббаттың белгілеріне көз жүгіртіңіз. Сіздің сезіміңіз мына шарттарға сәйкес пе?

1. Махаббат сапарына шыққан екі адамның да өмірі мағыналы, мазмұнды, толыққанды және қуанышты бола бастайды.

2. Қызғандыруға ұмтылмайды. Адамдар онсыз да қызғаншақтыққа құмар: өз-өзіне сенімсіздік, кемшіліктер, бәсекелестік. Сондықтан мұндай сезімді әдейі тудырудың қажеті жоғалады.

3. Жақсы көретін адам серігінен сезімін дәлелдеуін сұрамайды. Шынайы махаббат болса, екі адамның бір-біріне деген сезімі бірдей болады.

4. Сүйгенінің мінін өзгерткісі келмейді. Адамды өзгерткіңіз келсе, шындығында сіз оны сүймегеніңіз. Сіз оны өз қалауыңызша, өзіңізге ыңғайлы етіп өзгерткіңіз келсе, сіз тек өзіңізді ғана жақсы көресіз дегеннің белгісі.

5. Махаббат адамды бақытты етуі керек, бірақ таңдаған адамыңыз сізге әрдайым бақыт әкелмеуі мүмкін. Өз-өзіңізді бақытты ету немесе мұңайту өз қолыңызда. Бір-біріңізді "Ішім пысты", "Әңгіме айт" деген фразалармен жалықтырмаңыздар. Ақылды адам өз-өзімен болғанда да іші пыспайды.

6. Серігіңіздің болжап болмайтын қылықтары жүйкеңізге тиіп, сезімді суытуы мүмкін. Ал керісінше адамның барлық іс қимылы алдын ала белгілі болып тұрса, бұл да зеріктіреді. Ортасын таңдауға тырысыңыз.

7. Әрдайым бақытты болу үшін ақылмен жақсы көріп, мәмілеге келе білу керек. Серігіңіз сіздің бүлігіңізге еш жауап қатпаса, бұл оның әлсіздігін немесе оған бәрібір екенін білдірмейді. Бұл өз-өзін ұстай алатынының белгісі.

8. Есіңізде болсын: ақ мерседестегі ханзадаға тұрмысқа шығу үшін, өзіңіз қызыл поршедегі ханшайым болуыңыз керек. Сіздердің өмірге деген көзқарастарыңыз бірдей болуы керек, әйтпесе бітпейтін даулар ішкі үндестігіңізді бұзып, махаббаттан нәр алуға мүмкіндік бермейді.

1
Рейтинг: +3

Фото: amur.kz
Қосылған күні: 22 қыркүйек 2016, 20:35

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.