Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Мәңгі бір болу үшін

Мәңгі бір болу үшін

Мәңгі бір болу үшін

Мәңгі бір болу үшін не керек? Үй, жұмыс, қаржы? Жоқ! Дүние заттары мәңгі емес, сол үшін олар ғашықтарды тұтастықта ұстап тұра алмайды. Мәңгі бірге болу үшін ерек көңіл, бек сенім мен берік махаббат керек. Мәңгілік ұғымы осы үшеуден артығын сұрамайды.

1. Оның әр күніне мән беріңіз. Жұмыстан шаршап келген немесе күйзелістен шаршаған сыңарыңыздан күнінің қалай өткендігі туралы сұраңыз. Осы сауалыңызбен ол өзін жайлы сезінетін болады. Қандай жағдай болмасын, қолдау көрсетіп, үнемі жанынан табылатыныңыздан хабар беріп отырыңыз.

2. Ыдыс-аяқ сылдырлауы мүмкін, бірақ соңын ажырасуға дейін апармау керек. Адамдар сүйіктісін өте жақсы көріп тұрса, кей қылықтары не әрекеттері үшін көргісі келмей кетеді. Ұрыс-керіс қарым-қатынасты бөлмеуі тиіс. Махаббатын бәрінен биік қойған жұп ұрыс-керісті елемейді.

3. Әр ісіңіз ол үшін өте маңызды. Сүйіктіңізге үнемі көмектесіп, мерекелік кештерге (ұнамаса да) бірге барып жүрсіз делік. Есіңізде болсын, әр істің артында бір уәж бар. Ол сіздің үнемі жаныңыздан табылатыныңызға, әрдайым қол ұшын беріп демеп жүретініңізге іштей риза.

4. Кішкентай тосынсыйлар – үлкен махаббаттың белгісі. Мүмкін ол тәттілерді ұнататын болар. Дүкенге барсаңыз, екі-үш тәтті ала шығыңыз да, ғашығыңызға тәтті тілек тілеп сыйлаңыз. Бұл сіздің ол туралы үнемі ойлап жүретініңізден хабар береді.

5. Достар ортақ болмаса да... Сіз оның, ол сіздің достарыңызды танымауы мүмкін ғой. Оған бола уаымдамаңыз. «Сен менің достарыммен бірге қыдырғың келмейді» деп сөкпеңіз.

6. Туыстарға тең қарау. Бір-бірінің туыстарына тең қарап, екі отбасыға да бірдей көңіл бөлінгені жөн. Екі жас – екі әулетті табыстырушы, біріктіруші. Екі жақтың да отбасы мүшелерін сыйлап, құрмет көрсету керек.

7. «Мен сені сүйемін». Арада қанша уақыт өтсе де, бұл сөз ешқашан ескірмейді. Сондықтан, қанша жасқа келсеңіздер де, сезімді көзбен білдіріп, іштей түсінген дұрыс.

8. Достар алдында жығып беру – ғашықтарға тән емес. Егер жұбыңызбен достар арасында бірге отырсаңыздар, әр сөзге мұқият болу керек. Оның табысын жариялап, үйдегі еркеліктеріңізді айтып, қалай қыдырғандарыңыздан хабардар етудің қажеті жоқ. Болмаса, оның кемшіліктерін қалжың ретінде де айту орынсыз, тіпті қалжыңдаған да артық.

9. Біреу оны жамандаса... Егер біреу сіздің сүйіктіңізді балағаттап, жамандаса, дәлел талап етіңіз. Дәлелі орынды болсын, орынсыз болсын оны жер-көкке сыйғызбай ақтап алыңыз.

10. Жоспарларыңыз туралы бөлісіңіздер. Кешкі уақытта көптен кездеспей кеткен құрбыңызбен жүздескелі жатсаңыз, сүйіктіңізге бір ауыз ескертіп қойыңыз. Мұны «оның алдында есеп беру» деп түсінсеңіз, қателесесіз. Сіз ол уайымдамасын деп айтып жатсыз. Мүмкін ол бүгін кешке сізді тосыннан романтикалық кешке немесе кино көруге шақырғалы отырған болар. Бәрін алдын ала есептеп жүріңіз.

11. Аяқ астынан екеуіңізге арналған кеш ұйымдастырыңыздар. Ойламаған жерден мейрамханаға барыңыздар, болмаса тез жиналып, табиғат аясына шығып кетіңіздер. Бұл екеуіңізге, махаббаттарыңызға керек. Бір сәт бақытқа кенелеріңіз анық.

12. Тек шын сүйіңіздер. Бұған пікір жазу артық болар.

Фото: amur.kz
Қосылған күні: 16 тамыз 2016, 10:26

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.