Адамның суретіне қарап, ақылын анықтайтын алгоритм

Адамның суретіне қарап, ақылын анықтайтын алгоритм
Фото: shkolazhizni.ru

Арнайы алгоритмді Кембридж университетінің зерттеушілер ұсынған. Бұл алгоритм адамның әлеуметтік желідегі суреттеріне қарап, оның интеллект көрсеткішін анықтайды. Адамның суреттегі бет әлпеті ғана емес, сонымен қатар басқа да бөлшектер (мысалы, киім немесе артқы фон) ескеріледі. Суретте басқа адамдардың болуына да сараптама жасалады.

Зерттеу барысында ғалымдар Facebook әлеуметтік желісіндегі 1122 қолданушының профильдерін қолданды. Барлық қатысушылар интеллект көрсеткішін анықтайтын тесттен өту қажет болды, содан соң ғалымдар түрлі көрсеткішті адамдардың суреттеріне талдау жасады.

Зияткерліктің дәстүрлі белгілерінің бірі көзілдірік саналатын, алайда ғалымдардың нәтижесі бойынша бұл зат әрдайым жоғары интеллект туралы хабар бермейді. Сонымен қатар, ғалымдар ірі планда (алыстан алынып) түсірілген сурет төмен IQ-ді көрсететінін жоққа шығарды.

Ғалымдар басқа адамдарға қарағанда жоғары зияткерлікті көрсететін әлеуметтік желідегі профиль белгілерін анықтай білді. Тәжірибенің ақылды қатысушылары көпшілігі суретте жалғыз тұрды. Бұл суреттер сапалы, ал артқы фон жинақылығымен ерекшеленеді. Егер түс туралы айтатын болсақ, ең ақылды адамдар жасыл түсті ұнатады екен. Сонымен қатар, алқызыл, күлгін немесе қызыл түстің сирек қолданылуы көрінген.

Зерттеушілер айтуынша, олардың бақылауы кей стреотиптерді жоққа шығаруға көмектесті. Ғалымдар зерттеу нәтижелері адамдарға пайдасын тигізеді деп сенеді. Сонымен қатар бұл нәтижелер бойынша, қандай да бір қызметке адам аларда оның әлеуметтік желісіндегі суретіне қарап бағалауға мүмкіндік туады.

Бұған дейін басқа зерттеушілер тобы әлеуметтік желісіндегі парақшаларында «ақылды» дәйексөздерді жиі қолданатын адамдардың интеллекті төмен және басқа адамдарға қарағанда тексерілмеген ақпаратқа жылдам сеніп қалатынын анықтады.

А. Жапатова