Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Ересек кезде түйген ой #2

Ересек кезде түйген ой #2

Ересек кезде түйген ой #2

Психолог Дон Глускин отыз жеті жасқа толған кезінде өмірден не түйгенін есіне алды. "Бүгін мен отыз жеті жасқа жеттім. Айта кететіні, бұл жылдар қызықты жайттарға толы болды. Артыма зер салып қарасам, көптеген қиындықтарды жеңіп, қазіргі қалпыма жеткенімді көремін. Ана атану мен үшін бұл өмірде ең маңызды нәрсе екенін түсіндім. Күн өткен сайын өзіңізді тану және оны басқалар да орындауына көмектесу. Мен 37 жылдан алған сабақтарымның тізімін жасау туралы шешім қабылдадым. Сіздер үшін кәдеге жарар деп үміттенемін.

БАСЫ

Кешіре біліңіз. Ол сізді ренжіткен жанға емес, ең бірінші өзіңізге керек. Кешіре біліп жан тыныштығымен жайлылық сезінесің. Тез әрі оңай кешіре білген жөн.

Сіз әлемнің ортасы емессіз. Кейде өзіңізді солай ойлауыңыз да мүмкін. Бірақ ол дұрыс емес. Адамдар мен айналаға тереңінен зер салыңыз, сонда көп нәрсені біле де байқай да аласыз.

Ештеңені жүрекке жақын қабылдамаңыз. Өзгелердің әрекеті — өздерінің өміріндегі жағдаяты. Заң бойынша, сізге ешқандай қатысы болмайды.

Бәрі үшін рақметті болыңыз. Жақсылық үшін, жамандық үшін, тіпті сұмдық үшін де. Өмір — баға жетпес асыл қазына. Ал рахаттану мен ауыртпалық — өміріміздің бір кезеңі.

Би билеп еркіндікті сезініңіз. Қол жетпес арманыңыз болса, орындауға талпыныңыз. Асықпай, баппен арманыңызды орындаңыз.

Емделу үшін оны сезіну керек. Көз алдыңызға қорқынышыңызбен ауыртпашылығыңызды елестетіп, жарқын күнге бағыттаңыз. Осылай ғана олардан оңай құтыласыз. Шындыққа тіке қарау ауыр болуы мүмкін. Бірақта шындық соған лайық.

Мен сәуле шашамын. Сіз сәуле шашасыз. Бәріміз сәуле шашамыз. Кейбірі сәулесін көлеңкемен көлегейлейді. Бәрінің сәулесі болып шуақ шашып, жол көрсетіңіз.

Біздің денеміз — арманға бастайтын жол. Жақсы көріңіз, күтіңіз. Өзіңді өзіңнің денеңде сезіну — ең бастысы осы.

Кедергіні алып тастаңыз. Мақсатыңыз бен тілектеріңізді шоғырландыра бермеңіз. Әлемнің сұлулығы мен адамдарын да жоғалтып алуыңыз ғажап емес. Ұғына алғанға өмір ғажайып.

Өзіңіздің қорқынышыңызды жеңу — өте пайдалы әрекет. Уақыт өте келе қолыңыздан бәрі келетініне өзіңізді сендіресіз. Бұл супер құрылғы сізге сенімділік сыйлайды.

Барлығына «Иә» деп айтыңыз. Уақыт — ең бағалы ресурс. Ақылмен жұмсаңыз.

Шынайы өмір сүріңіз. Бұл қолымыздағы жалғыз нәрсе. Өткен қателіктерден сабақ алып, керемет жайттарды еске түсіріңіз. Болашақты армандаңыз. Шынайы сүйіңіз.

Табиғат емдейді. Таза ауада серуендеу және табиғаттың әдемі көрінестерін тамашалау, пайдасыз ойлардан арылудың кепілі. Өміріңіздің жарқын бейнесі көрініп, көңіліңіз көтеріледі.

Әлем — бұл айна. Өзгелерге сүйіспеншілікпен қарағанымызбен, ол қасиеттер өз бойымыздан табылып жатады. Өзгелердегі кемшіліктер алаңдатқан жағдайда, өз бойымыздағыны жөндеу керек.

Бәрін бірдей бақытты қылу мүмкін емес. Қиындау болса да, тырысып бағу керек.

Өзіңізге сеніңіз. Тағдыр бәрін ретке келтіреді, қиындық өтеді де кетеді.

Біз бәріміз үлкен отбасында тұрамыз. Ешкім бізден кем де, артық та емес. Кейбір жолдарда не істеу керегін бірден түсінеміз. Келесі жолы бұл жолды өзгелері де қайталайды.

Өзіңізді тарапқа бөлмеңіз. Ішкі жан дүниеңіз тараптанса, ештеңе бермейді. Қалыпты сақтаңыз.

Біздің қолымыздан барлығы келеді. Еңбектеніп биік шыңды бағындыру да қолымызда. Тек естен шығармаңыз!

Жүрегіңіз ән айтсын! Шынайы болыңыз. Бұл әлемде сіз жалғыз жансыз. Өмірді сүйіп, қалауыңызша тіршілік етіңіз.

Сіз өзіңіз үшін керемет тұлғасыз. Көбіне адамдардың ақыл-кеңестерін тыңдап, сеніп жатамыз. Бұның бәріне бірдей сене беру дұрыс емес. Өзіңіз үшін басыңызбен ойланыңыз. Ойлағаныңызды айнытпай жүзеге асырып, әлемдегі ең бақытты жан болыңыз!

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: Нурбек Жантлеу
Қосылған күні: 24 маусым 2016, 10:05

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.