Қайырлы таң!

Қайырлы таң!

Көңіл-күйіміз болмағанда, "Сол аяғыңмен тұрғансың ба?" деп жатады. Күннің қалай өтуі таңда қалай оянғанымызға байланысты екен. 

Таңда жақсы көңіл-күймен ояну үшін не істеу керектігі туралы бірге оқып көрейік.

1. Алдымен жақсы түстің кепілі болатын бөлмеңізді реттеп жатыңыз. Төсегіңіз таза, жайлы, бөлмеңіз қалыпты температурада болсын. Жатарда киетін киіміңіздің матасы денеңізге ыңғайлы болғанын қадағалаңыз. 

2. Оятқыштың құлаққа жағымсыз шырылымен емес, сүйікті музыкаңыздың әуенімен ояныңыз. Музыкаңыз ұйқыңызды ашқанша, 15-20 минуттай ойнап тұрсын. 

3. Төсектен тұрған соң, жаймен жарықты жағыңыз. Бұдан соң, таңғы жаттығу жасап жіберсеңіз керемет болар еді, дегенмен көбіміздің жалқаулығымыз бұған жар бермейді. Дегенмен, аздап құпия ашайық. Жаттығулар орнына терең тыныс алып, қайтып шығарсаңыз, бұл да жетеді. 

4. Ванна қабылдаңыз. Жылы су денеңізді сергітіп, бойыңызды тазартады. Тісіңізді шайып тұрып, аяқ астындағы жұмсақ кілемшені таптасаңыз, бұл аяғыңызға арналған жаттығу болмақ. 

5. Таңғы ас. Таңғы ас үшін ашық түсті әдемі ыдыс-аяқтарды таңдаңыз. Сыртында смайлигі бар кружкамен таңғы шәйіңізді ішсеңіз, тіпті керемет. Жалпы таңғы асқа мамандар жеңіл тамақтар таңдау керек дейді. 

6. Айна алдында. Ұйқыдан тұрғандағы айна алдындағы келбетіміз бәрімізге ұнай қоймас. Көздің іскенін басу үшін не істеу керектігі туралы айтқанбыз. Сондай-ақ күндіз пайдаланылатын крем жақсаңыз, өңіңіз жақсарады. 

Әлбетте, біздің берген кеңестеріміз біраз уақытты еншілейді. Егер бұларды ықыласпен жүзеге асырсаңыз, күндегі әдеттеріңіздің біріне айналып кетеді. Көңілді жүріңіз!

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: woman.ru, liveinternet.ru

М. Оңғарова