Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Ыңғайсыз сұрақтарға қалай жауап беру керек?

Ыңғайсыз сұрақтарға қалай жауап беру керек?

Ыңғайсыз сұрақтарға қалай жауап беру керек?

«Екіншісін қашан жоспарлап жүрсіңдер?», «Тұрмысқа қашан шығасың?», «Ажырасып кеттіңдер ме?» деген сияқты жеке өміріңізге қатысты ыңғайсыз сұрақтарды жиі естіп тұратын боларсыз? Әлбетте, жаныңыз екінің біріне ашылуға дайын болмайды, сондықтан жауаптан жалтарған сайын әңгімелесушімен қарым-қатынасыңыз да өзгеше күйге енуі мүмкін.

Ыңғайсыз сұрақтарға жауап бере отырып, өзіңіз де ыңғайсыз жағдайға түсіп қалмас үшін не істеу керек? Төменде келтірілген нұсқаулар кәдеңізге жарап қалар.

Программистер мен Шерлок Холмс ұсынады
Ыңғайсыз сұрақтарға жауап бере отырып, әңгімелесуші адамға нақты жауап бермесеңіз де болады. Мына бір анекдотқа назар аударыңыз. Әуе шарында саяхаттап жүрген Холмс пен Ватсон адасып кетеді, бір кезде программистен сұрайды:
– Сэр, қазір қайда екенімізді айта аласыз ба?
– Әуе шарында, сэр!

Бір жағынан ол сұраққа дұрыс жауап берді. Ал екінші жағынан нақты ештеңе айтпады. Немесе жалпы, бірақ сонымен қатар аса маңызсыз ақпарат беруге тырысыңыз.

- Жалақың қанша?

- Сол саладағы орташа жалақы (Абрамовичтан аз аламын енді)...

«Айна тәсілі»
Әңгімелесушіге өз сұрағын өзіне «қайтарыңыз». Ол үшін мына екі әдісті пайдаланыңыз:

1) Әңгімелесуші қызығушылығына ұялып қалатындай, өз сұрағын өзіне қайтара қоятындай сұрақты тұжырымдаңыз. Мысалы, «Менің жеке өмірімді ойлап басыңыз қатып жүрген сияқты ғой», «Біздің қарым-қатынасымызды бақылағаннан басқа жұмысыңыз жоқ сияқты ғой» деп ең бастысы өзіңіз күмәнданып тұрғандай «шығар, сияқты» модаль сөздерді пайдаланыңыз. Бұл сөздерді айтып жатқанда өзіңізді салқынқанды, биязы ұстаңыз және қолыңызды сермемей сөйлеңіз.

2) Сұралған сұрақты әңгімелесушінің өзіне бағыттап, екі еселеңіз:

– Екінші баланы қашан жоспарлап жүрсіңдер?
– Ал сіздер үшіншісін қашанға жоспарлап жүрсіздер?

«Бір актерлі театр»
Ыңғайсыз сұрақты естіген уақытта, өзіңізді драма актрисасы сезініп, әңгімелесушінің көздеріне ықыласпен қарап, терең күрсініп, қолыңызды кеудеңізге қойып, түпсіз тұңғиықта қажып жүрген адамдай мұңая: «Өтінемін! Ешқашан, ешқашан осы туралы сұрамашы!» деп жауап беріңіз. Екінші нұсқа, өзіңізді баспасөз-маслихатында отырғандай сезініңіз, танымал саяси адамдардың сұрақтарға жауап бергенін көрген шығарсыз, ыңғайсыз сұрақ сұралғанда әдетте: «Келесі сұрақ!» деп жауап береді. Үшінші нұсқа қысқа да нұсқа - «Бұл аса құпия ақпарат!» десеңіз жеткілікті.

Қалжыңмен жауап беріңіз!
– Мәссаған, мына көйлекті қаншаға алдың сонда?
– Екі апта аш жүрдім, киім үшін не істемейді адам!

Әмбебап жауаптар

«Сіздің тығырыққа тірейтін сұрақтар қоя білетін дарыныңызға тәнтімін!» Немесе: «Сіз – таңғажайып адамсыз, әсіресе ыңғайсыз сұрақ қоя білетін өнеріңіз мені таң қалдырады!»

«Қатты қызық па?», «Неге сұрадыңыз?», «Шынымен білгіңіз келе ме?» деп күле жауап беріңіз.

Өмірі жөнсіз, ыңғайсыз сұрақтар қойып, адамды қапыда қалдыратын адамдардан аулақ жүрген дұрыс. Егер тіптен араласқыңыз келмесе: «Бұл менің жеке шаруам» деп өзін қапыда қалдырсаңыз жеткілікті.

Сурет: images.businessweek.com

Дайындаған: Анар Мұстафина

854 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 20 тамыз 2012, 13:30
Пікірлер
+0
20 тамыз 2012, 13:13

:) осы тұрмысқа қашан шығасың деген сұрақ маған жиі қойылады. Іштей жыным келседе,жауап беруден қашқан емеспін. Қалжыңды жақсы түсінетін құрдастарым болса,кейде қалжындап "сені күтіп жүрмін"деймін,кейде "шаруан қанша?"немесе "бұйырған уақытта" деп айта салам.

+0
20 тамыз 2012, 13:27

шынымен қашан шығасың? қатты қызық боп бара жатыр, шынымен білгім кеботыр :D

+0
20 тамыз 2012, 13:29

:lol: сені күтіп жүрмін

+0
20 тамыз 2012, 13:30

ақбоз атпен келгенімді ма :lol:

+0
20 тамыз 2012, 13:33

:lol: иә :lol: :lol:

+0
20 тамыз 2012, 13:35

атпен жету қиынғо мына аптап ыстықта, пойызбен барсам ше? :D

+0
20 тамыз 2012, 13:39

ай,сіз мына ыстыққа шыдамасңыз,Жаңаөзенге жетуіңіз тіптен қиын-ау! :D

+0
20 тамыз 2012, 13:40

Жанымооууу, сен ушін неге болсада шыдаймғо, ат жоққо шыдайтын! :D

+0
20 тамыз 2012, 13:44

Вечнонедовельнев мырза,сіздің сөздеріңізге менде "недовольно" бола бастадым :lol:

+0
20 тамыз 2012, 13:54

қалай болсада барсам болды емес па? әлде сізге керегі атпа???

+0
20 тамыз 2012, 13:57

иә,ақбоз атты ала келіңіз! :)

+0
20 тамыз 2012, 14:05

онда сол атқа мінгесіп қайтамыз Алматыға! шыдайма? :lol:

+0
20 тамыз 2012, 14:39

алдымен жетіп алыңыз

+0
20 тамыз 2012, 13:50

Көрінген жерге мұрның сұға беретіндерді ну енді ващщщщеее....

+0
20 тамыз 2012, 17:45

мен де ондай адамдарды ұнатмаймын, өзіне қатысы жоқ нәрселерді неғылады екен, менен көп сұрайды жалақың қанша, жалақың қанша деп, аз десем, рақаттанып қалады кейбіреуер аяп қарайды, көп десем қызғанады, не деп жауап береріңді де білмейсің тіпті, адамдарды түсіну қиын, ал өзім ешкімнің жалақысын, жеке өмірін сұрамауға тырысамын

+0
21 тамыз 2012, 12:45

Германияда жалақың қанша деп сұрау оскорбление болып саналады екен. Бізге осы немістердің менталитетінен алатынымыз көп-ау... Ну андай фильмдерінен басқа :mrgreen:

+0
21 тамыз 2012, 15:17

кеше маған бір қыз ыңғайсыз сұрақ қойды. өзі аздап ұятсыздау қызда. мына кеңестер. ммм... есте болатын болды.

+0
08 қыркүйек 2012, 14:49

:lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев