Жан ауырса тән ауырады

Жан ауырса тән ауырады
Фото: www.valentinatrishkina.ru

 Адамдар әлсіз болғандықтан  жыламайды,
Олар не үшін жылайтынын білесіз бе?
Өйткені осы уақытқа дейін мықты болып келген.

 Джонни Депп

Қазіргі жантану және денсаулық сақтау қоғамның басты мәселесі, адам жанының ауыр жағдайы денсаулыққа да зиянын тигізетінін білген боларсыздар. Оның соңы қатерлі ісікке және де тағы басқа ауруларға душар етеді. Адам жанының ауыр күйзелісі, адамды әр-түрлі психо-эмоционалдық жағдайларға жеткізеді, мінез-құлықтың өзгеруі, ашуланшақтық пен кек сақтау, реніш ішкі ағзаларды түрлі ауруларға алып барады.      

Жан ауырса тән ауырады демекші, атақты Дейл Карнегидің төмендегі кеңесіне құлақ түріңіз:

• Тынышсыздық жүректің жұмысын нашарлатады.

• Тынышсыздық жоғары қан қысымын тудырады.

• Бір нәрседен себеп іздеу ревматизм ауруын шақырады.

• Шу көп болған сайын асқазан аурулары да күшейеді.

• Тынышсыздық тұмау  туғызады.

• Тынышсыздық ағзада темір жетіспеушілігіне апарады.

• Тынышсыздықтың жағдайы бұзылған кезде, қант диабеті ауруына себепші болады.

Психологтың кеңесі:

• Жаныңызды жадыратар әсем әуен тыңдаңыз.

• Күліп жүруге тырысыңыз.

• Жылағыңыз келсе жылаңыз.

• Жаныңызды жаралауға жол бермеңіз.

• Адамдарға қуаныш сыйлауға тырысыңыз, жақсы сөздер айтыңыз.

• Жақсы көрген адамыңыз болса құшақтаңыз.

• Кек сақтамауға тырысыңыз, соңы түрлі жағдайларға алып барады.

• Ренжіген болсаңыз мән бермеңіз.

• Таңертең күліп ояныңыз, күні бойы сергек жүресіз.

• Табиғатты тамашалауға жиі шығып тұрыңыз.

• Жаныңыз ауырмасын десеңіз, адамдарға жақсылық жасаңыз.

• Өзіңізге ұнайтын іспен айналысыңыз.

• Уайымдамауға тырысыңыз, одан шығар жол іздеңіз. Уайым сізді жараламаса, қуаныш әкелмейді.

​Дереккөз: anabol.kz

Н. Үсенова