Суретті жалғастыр да өзіңді таны

Суретті жалғастыр да өзіңді таны
Фото: yeux.com.mx

Адам  суретші. Ол өз өмірінің, қиялының, арманы мен жоспарының суретшісі. Бірі ашық көк түспен, бірі сары түспен бояйды. Сол түске қарап оның қандай адам екенін білуге болады. Ал мына сурет арқылы адамның мақсатын білуге болады.

Көріп тұрғандарыңыздай, суретте су астындағы екі балық, екі кесек тас, балдыр және беті ашық әрі бос сандық бейнеленген. Бұл суретті қалай жалғастырар едіңіз? 

Егер сіз екі балықтың жанына өзге де балықтардың, су асты иелерінің суретін салсаңыз, зор махаббатты қалайтыныңызды білдіреді. Қаумалаған достың ортасында жүргенді ұнатасыз. Қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысасыз. Позитивті ойларды ұнатасыз. Адал дос бола аласыз.

Ал егер балдыр тәрізді су асты өсімдіктерін бейнелесеңіз, рухани жетістікке жеткізіңіз келетінін көрсетеді. Ішкі дүниесі өркендеп, көп біліп, көп үйреніп, жаңа белестерді бағындырғысы келетін адамдар өсімдіктердің суретін салады. Мұндай адамдар қиялға жақын, көптен ерекшеленіп тұрады.

Егер су түбінде жатқан тастарды бейнелесеңіз ше? Тасты бейнелеген адамның арманы – материалдық байлық. Яғни, көлік не үй секілді ірі көлемдегі мүлік алу – осы адамдардың арманы. Олар заттық бұйымдарды жақсы көреді.

Егер сіз кеменің не қайықтың суретін бейнелесеңіз, әлемді шарлап, саяхаттағыңыз келетінінен хабар береді. Арманыңызға жетіңіз!

Сандықтың ішіне не салар едіңіз? Сандыққа не салсаңыз да, оларды сізді арманыңызға жеткізетін дүниелер деп біліңіз.

Егер сандықты ақшамен толтырсаңыз, қаржы мәселесінде қиналып жүргеніңізді көрсетеді. Ақшаның арасында бағалы тастарды көрсек, онда сіз өзіңізге қанша ақша керектігін білмейсіз. Егер сандықтың іші бағалы тастарға толы болса, сыртында да гауһар-жақұттар шашылып жатса, онда сізге шешім қабылдап үйрену керек деген сөз.

Кейбір адамдар сандықтың ішіне қаңқаның (скелет) суретін салады. Бұл адамдар – реніштен кейін өз-өзіне келе алмай жүрген жандар. Олар уақыт өткен соң, мықты тұлға болып қалыптасқанын түсінетін болады.

Г. Берік