Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Жақсы көрші – жаман көрші (Психологиялық тест)

Жақсы көрші – жаман көрші (Психологиялық тест)

Жақсы көрші – жаман көрші (Психологиялық тест)

1. Белгілі бір себеп бойынша көршілерге жүгінесіз бе? 
жиі - 5 ұпай; 
кейде - 3 ұпай; 
ешқашан немесе ешқашан дерлік - 1 ұпай. 

2. Олардан нан, қант секілді ұсақ-түйекті сұрап аласыз ба: 
жиі - 6 ұпай; 
кейде - 3 ұпай; 
ешқашан - 1 ұпай. 

3. Егер ойнап жүріп, көрші баласы есігіңізді қағып, қашып кетсе, не істейсіз? 
ұрысып бересіз - 1 ұпай; 
ата-анасына шағым жасайсыз - 5 ұпай; 
ашуланасыз, бірақ оларды кешіресіз, олар, бар болғаны, балалар ғой – 3 ұпай. 

4. Сіздің көршілеріңіз, сіздіңше: 
ізетті, жақсы адамдар және әрдайым көмекке келуге дайын тұрады - 5 ұпай; 
қол ұшын созуға дайын, бірақ сізді онша қызықтырмайды - 3 ұпай; 
олар ізетті де емес және сізді еш қызықтырмайды - 1 ұпай. 

5. Кешкі уақытта қонақ шақырып, шулы ортаны жинадыңыз. Көршілеріңіз мұныңызға шағымданды. Сіздің әрекетіңіз: 
кешірім өтініп, қонақтарды тынышталдыруға тырысасыз - 5 ұпай; 
өз үйіңізде ойыңызға келгенін істеуге хақыңыз бар екенін айтасыз - 1 ұпай; 
көршілеріңізді сіздерге қосылуға шақырасыз - 3 ұпай. 

6. Көрші үйге жаңа тұрғындар қоныстанды: 
олармен дереу танысып, көмегіңізді ұсынасыз - 5 ұпай; 
біраз уақыт оларды бақылап, тек үйренісіп кеткен соң, танысуға барып, қонаққа шақырасыз - 3 ұпай; 
олардың бірінші қадам жасағанын күтесіз - 1 ұпай. 

7. Көршілеріңіз жаңа көлік сатып алды. Сіз: 
қуаныштарына ортақтасасыз - 3 ұпай; 
көреалмаушылық танытасыз - 1 ұпай; 
олардың қалай жаңа көлікке қол жеткізгенін ойланасыз - 5 ұпай. 

8. Өсек айтқанды ұнатасыз ба? 
иә, әрдайым - 6 ұпай; 
кейде, бірақ ешкімді жамандамаймын- 3 ұпай; 
жоқ - 1 ұпай. 

9. Көршілес әйелге бейтаныс жігіт келді. Ал сіз ол кісінің жұбайы бар екендігін білесіз: 
бейтаныс жігіт кеткенде, оның кім екенін анықтауға кірісесіз - 5 ұпай; 
жаман ойларға барасыз - 1 ұпай; 
назар аудармайсыз - 3 ұпай. 

10. Көршілеріңіз демалысқа аттанғалы жатыр. Және сізден олардың иттеріне, мысықтарына не тіпті, үйге қарауыл болуыңызды өтінді: 
дереу келісесіз - 5 ұпай; 
қуана-қуана келісетініңізді айтып, бірақ сылтаулар ойлап тауып, бас тартасыз - 3 ұпай; 
дереу бас тартасыз - 1 ұпай. 

11. Көрші үйдің қызын үнемі отбасылы ер кісімен немесе оған сіздіңше тең келмейтін жігітпен бірге көресіз: 
бірден анасына айтасыз - 5 ұпай; 
алдымен, қыздың өзімен сөйлесесіз - 3 ұпай; 
мұны өзіңізге қатысы жоқ деп санайсыз - 1 ұпай. 

12. Көршіңіздің үйіне милиция қызметкерінің кіргенін көрдіңіз: 
олар үйден шықпай тұрғанда, сіз де кірудің амалын жасайсыз - 5 ұпай; 
ол кетісімен, көршіңіздің үйіне асығасыз - 3 ұпай; 
бұл сізді қызықтырмайды - 1 ұпай. 

13. Өзіңізді: 
өз көршілеріңізден жақсы деп санайсыз - 1 ұпай; 
олардан қарағанда абыройлы санайсыз - 5 ұпай; 
олармен салыстырмайсыз - 3 ұпай. 

14. Сіздің көршілеріңіз – жас жұбайлар: 
оларға ақыл айтуға үнемі асығып тұрасыз - 5 ұпай; 
оларға сыпайы ғана көмек беруге тырысасыз - 3 ұпай; 
отбасылық өмірді бастан кешіріп, өздері бәріне көз жеткізулері тиіс деп ойлайсыз - 1 ұпай. 

15. Көршілеріңіз үйлеріне жаңа жиһаз сатып алып, сізге арзан бағамен ескілерін ұсынып тұр: 
сізге бұл жағымды, бірақ сыр бермейсіз - 3 ұпай; 
ештеңе сатып алу ойыңызда болмаса да, сіздің жайыңызды ойлағандары үшін оларға алғысыңызды білдіресіз - 5 ұпай; 
сізге бұл өте жағымды және соны оларға жеткізесіз – 1 ұпай.  

Нәтижесі: 
58 ұпайдан жоғары
Көршілеріңізге әрдайым көмек көрсетуге дайынсыз. Сондықтан кез-келген өтінішіне жауап бересіз. Алайда, олар сізге жүгінбесе де, өз көмегіңізді ұсынып, кейде артық кетесіз. Онымен қоса, көршілердің өміріне шамадан тыс қызығушылық танытасыз және өсекке де жақындығыңыз бар. 

57-ден 32 ұпайға дейін 
Ізетті, сыпайысыз және өзгелерді құрметтей білесіз. Егер көршілеріңіздің өзіңізбен араласқысы келмейтінін көріп тұрсаңыз, оларды мазаламайсыз. Егер өздері өтінбесе, өз көмегіңізді ұсынбайсыз. Көршілеріңіз жайлы көбірек білуге не өзіңіз жайлы әңгімелеуге асықпайсыз. Керек болған жағдайда, қол ұшын созуға барсыз. 

31-ден төмен 
Сізге, бәлкім, толық оқшауланған үйде тұру керек шығар?! Сізге көршілер керек емес, олармен араласуға еш зауқыңыз соқпайды. Олармен көрісуге мәжбүр болған жағдайда, олардың тек кемшілік тұстарын ғана аңғарасыз. 

Дереккөз: anabol.kz

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: dostalo.livejournal.com
Қосылған күні: 12 наурыз 2016, 14:44

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.