Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Бақыт іздеу жолында...

Бақыт іздеу жолында...

Бақыт іздеу жолында...

Біз күн сайын «Не үшін өмір сүремін? Өмірдің мәні не? Бақыт деген не?» деген сұрақтарға бас қатырамыз. Өмір бойы бірдеңеден қашып, бірдеңеге жете алмаумен жүреміз. Яғни қалауымыз ақылымызды басқарып, өз қалауымыздың ырқына бағынамыз. Адамдардың өлетінін білсек те, мәңгілік тірі жүретіндей күй кешіп, бүгінгі істі ертеңге ысырып тастап, мақсатымызға жетуге жанұшыра жүгірмей жатамыз. Жүгірсек те, кейде дұрыс жолмен жүрмегендіктен, арманымыз күл-талқан болып, өмірден баз кешіп кетеміз. Бес күндік жалғанды өкінбей өткізу үшін не істеу керек? Бақытты өмір сүрудің қағидалары қандай?

Өмірдің еш жерде жазылмаған заңдылықтары мен қатып қалған қағидалар жақсы өмір сүрудің кепілі бола алмаса да, ненің бұрыс, ненің дұрыс екенін ажыратуға көмектесетіні рас. Дегенмен, жеке өзіңе тиесілі өмірдің бар екені секілді, ешкім қайталай алмайтын тағдыр жолыңның бары іспетті ешкімге тәуелсіз жеке «мендік» қағидалар болуы керек.

Қазақ «Кең болсаң, кем болмайсың» дейді. Бұл альтруист болып, өзгенің өмірімен тыныста деген сөз емес, әлбетте. Пейіл тазалығы - бақыттың басты кепілі.

«Есесі қайтпас еңбек жоқ» дейді тағы да. Яки, бақытқа өзіңіз жүгірмесеңіз, бақыт басқа оп-оңай қона салмайды. Сәттілік шыңына шығу үшін еселі еңбек жасау керек. «Бір нәрсе алмастан бұрын бір нәрсе бер». Әлемнің заңы осы. Әдемі гүлді егіп, баптамасаңыз, ол өсіп әлемді әрлемейді.


Сыйлы болу да дәл сондай. Адамдарға қандай қарым-қатынас жасасаңыз, олар да сізге дәл солай жауап береді. Өзіңізге қатулы сөйлеген адамға жылы жауап қайтарғыңыз келуші ма еді? Әлбетте, жоқ. Ал өзіңізге күлімдеп қараған адамға ше? Осы жерде бір қағиданы ұмытпаңыз: шынайылықтан аулақ болмаңыз. Көңіл-күйіңіз жоқ кезде күлімдеймін деп шынайы бейнеңізді жоғалтып алуыңыз ғажап емес.

Адамға жақсылық жасағанда да, мақсатқа еңбек арнағанда да ісіңіз арам ниеттен ада болуы тиіс. Сіздің қанша байыса да бақытсыз таныстарыңыз бар шығар? Немесе қанша еңбектенсе де ісі өнбейтін адамдар да баршылық. Өз мақсатыңызға жету жолында біреуді аяғынан шалып, оның несібесіне ортақтасу, немесе өзгеге тиесілі дүниені тартып алу шынайы бақытқа жеткізбейді. Не болса да, адал еңбекпен жеткен дұрыс.

Бәріміз өзімшілміз. Адам жаратылысы сондай өзінің жағдайы жақсы болғанын қалап тұрады. Басымызға қиындық түссе, бұл басқада жоқтай болып көрінеді, сәттілікке жетсек те солай. Дегенмен, бойымыздағы өзімшілдікпен күресе білуіміз керек. Қазақ «Жыртық үйдің Құдайы бар» дейді. Яки, бұл өмір қаншалықты әділетсіз, жалған болып көрінгенімен, өмір бәріне әділетті. Өмір бәріне бірдей. «Бейнеттің де зейнеті бар» екенін ұмытпаңыз. 

Сурет: dorih.ru, vk.com

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

4177 3
Рейтинг: +5

Қосылған күні: 06 тамыз 2012, 19:40
Пікірлер
+0
06 тамыз 2012, 18:18

Өте дұрыс! Бәрі жақсы болатынына сену керек!

+0
07 тамыз 2012, 10:44

әрине, бейнеттің де зейнеті бар

+0
07 тамыз 2012, 18:33

Кең болсаң, кем болмайсың осы мақалды жақсы көремін

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...