Жігіттер ақылды қыздардан неге қорқады?

Жігіттер ақылды қыздардан неге қорқады?
Фото: Даур Сериков

Буффало, Калифорния және Техас университеттері бірігіп, жігіттердің ақылды қыздарды не себепті ұнатпайтындығын анықтады.

Олар 105 әйел мен еркек қатысқан ғылыми тәжірибе жүргізді. Қатысушылар математика мен ағылшын тілінен тест жұмысын жазған. Артынша ғалымдар еркектерге тапсырманы қалай орындағанын айтып, жанындағы әйел адамдарға баға беруін сұраған.

Осылайша жігіттер тестіні өзінен жақсы жазған қыздардың тартымды екенін, ал өздеріне қарағанда нашар нәтиже көрсеткен қыздардың ұсқынсыз екенін айтқан. Еркектер тестіден жоғары нәтиже көрсеткен қыздарға қызығушылық танытып, олардың сұлу екенін тілге тиек еткен. Алайда олармен бетпе-бет отырып сөйлескен соң, пікірлері өзгеріп шыға келген.

Ғалымдар ер адамдардың өзінен ақылды әйелдермен тіл табыса алмайтындығын анықтаған. Олардың айтуынша, еркектер өзінен ақылды әйелдермен сөйлескен кезде, батылдық сынды қасиеттерінен айырылады екен.

Қ. Бүйенбай