Түсіңізде үй жинап жүргеніңізді көрсеңіз...

Түсіңізде үй жинап жүргеніңізді көрсеңіз...
Фото: rudaki.ru

Түсіңізде үй жинап жүргеніңізді көрсеңіз, шынайы өмірде көп қиындықтан арыласыз. Дәл осы мәтін түс жору туралы кітаптарда жазылған. Мұнымен қатар, бұл адамның жан-дүниесін тазартуға деген ұмтылысын білдіреді екен. Алайда үйді қалай және қай жерін жинап жатқаныңызға байланысты оның жорылуы да өзгереді.

Өз үйіңізді жинап жүрсеңіз

Мұндай түс жеке өміріңіз бен жұмыстағы қиындықтардан арылатыныңызды білдіреді.

Жұмыс орнын жинастыру

Көп ұзамай көңіліңізге жақпай жүрген әріптесіңіз жұмыстан кетеді. Ал қолғапсыз жинастырып жүрген болсаңыз, қандай қиындық болса да, оны әріптесіңізбен бірге өткересіздер. Сыпырғы, шаңсорғыштың көмегімен тазартсаңыз, өзіңізге кедергі келтіріп жүрген дүниелерден арыласыз.

Біреудің үй жинап жатқанын бақылап тұрсаңыз

Өкінішке орай, шынайы өмірде біреудің ақысын жейсіз немесе өзіңізге тиесілі жұмысты өзге біреуге істетесіз. Бұдан өзге жалқаулығыңыздың арқасында көп ақшадан айырылып қалуыңыз мүмкін екенін білдіреді. Өте сақ болыңыз. Қызметте ешкімге сенбеңіз.

Лас еден

Егер әйел адам лас еденді жуып жатса, көп ұзамай оның отбасылық өмірдегі қиындықтары шешіледі. Ал лас еденді көре тұра оны жумаған болсаңыз, шынайы өмірде көп қиындыққа тап боласыз.

Ваннаны тазалау

Оны жуып жатқаныңызды көрсеңіз, көп ұзамай ауруыңыздан айығып, өмірлік жарыңызды жолықтырасыз. Түсіңізде жақсылап тазалаған сайын, шынайы өмірде жақсылыққа кенелетініңізді ұмытпаңыз.

Әжелеріміз әрдайым қандай түс болса да, оны жақсылыққа жору керектігін айтады. Десе де оған көп мән бермеуге тырысқаныңыз жөн болар. Кей ғалым мен балгер оның тағдырымызға айтарлықтай өзгеріс енгізетіндігін айтып жатады. Кім не десе де, таңдау еркі тек қана өзіңізде.

Қ. Бүйенбай