Ақшаның маңызы жоқ

Ақшаның маңызы жоқ
Фото: Алексей Романов

Бір кәсіпкер қарызға батып, жоспарын орындай алмады. Несие берген банктер оның мазасын алып, тауар жеткізушілер ақша талап етті. Бір бақтағы орындықта екі қолымен басын құшақтап, компаниясын банкроттан қалай аман алып қалуына болатынын ойлап отырғанында жанына бір шал келіп: «Сізді бір ой мазалап отырған сияқты», – деді. Кәсіпкер мән-жайды баяндады. Сонда шал оның атын сұрап, чек жазып берді. Кәсіпкерге: «Бір жылдан кейін дәл осы жерде кездесейік, сол уақытқа дейін осы соманы қайтара аласыз», - деп кетіп қалды.

Кәсіпкердің қолында Джон Рокфеллердің қолы қойылған 500,000 АҚШ долларының чегі болды. Рокфеллердің әлемдегі ең бай адамдардың бірі екенін кәсіпкер жақсы білетін.

«Барлық проблемаларымды бір сәтте-ақ шеше аламын», - деп ойлады ол. Бірақ оның орнына чекті сейфке салып қойды. Сол чек туралы ой кәсіпкерге бизнесін қайта аяққа тұрғызудың әдістерін ойластыруға күш-қуат берді.

Оптимизмі қайта пайда болған соң табысты келісімшарттарға қол қойып, төлем мерзімін өз ыңғайына орайластыра алды. Үлкен кіріске қол жеткізді. Бірнеше айдың ішінде қарыздарынан құтылды.

Жыл өткен соң бақтағы орындыққа келіп, Джон Рокфеллерді күтіп отырды. Қолында сол баяғы чек. Келіскен уақытта шал да келіп жетті. Чекті қайтарып, қалай табысқа жеткенін баяндайын деген кезде медбике жүгіріп келіп, шалдың шынтағынан ұстап алып: «Жеттім-ау ақыры! Әрең ұстадым! Сіздің мазаңызды алған жоқ па? Үнемі үйден қашып, бәріне өзін Джон Рокфеллермін деп таныстырады», - деді.

Кәсіпкер аң-таң болып қалды. Жыл бойы сейфімде 500 000 доллар бар деп ойлап өз кәсібін жалғастырып, сату-сатып алумен айналысып жүрген еді, чек құнсыз болып шықты. Сонда ол мұның бәрінің ақшаның емес, өзіне деген сенімнің арқасында болғанын түсінді.

Жауапкершілікті өз мойныңызға алып, ештеңеден қорықпай, жоспарыңызды орындауға тырысуыңыз керек. Ең қиын деген жағдайдын өзінде де өзіңізге деген сенім сізді құтқаруы мүмкін.

Крис Эверт

Ф. Абилова