Шаңырағым шайқалмасын десеңіз

Шаңырағым шайқалмасын десеңіз
Фото: Любовь Харламова

Отбасылық өмірде махаббатты сақтап қалу қиын. Оның отын сөндірмеу үшін екі жас сыйласып, бір-біріне түсіністікпен қараулары тиіс. Бұл әлі отбасын құрып үлгермеген жандар үшін де маңызды. Осыған орай, шаңырағы айрандай ұйып отырған отбасылар бақыттың 15 құпиясын бөлісті. Оларды сіз бен біз де біле жүрейік.

1. Сүйіктіңізден күнді қалай өткізгендігі туралы сұраңыз. Бұл сұрағыммен мезі етіп жіберемін бе деп ойлауыңыз мүмкін. Алайда біреудің бізге қамқор болғысы келетіндігін сезінуден асқан бақыт жоқ. Мұнымен қатар, қиын кезеңде қолдау көрсетіп жіберсеңіз, нұр үстіне нұр болатын еді.

2. Ыдыс-аяқ сыңғырламай тұрмайтыны рас. Алайда ол екі жастың айырылысуына себепші болмауы тиіс. Адамды сүйіп тұрып, жек көруге болады. Ұрыссыз қарым-қатынас та болмайды. Өзіңіз айыпты болмасаңыз да, үнемі татуласуға әрекет жасаңыз. Қиындықтарыңызды да бірден шешіп отырыңыздар.

3. Ортақ қызығушылықтарыңыз болсын. Бұл қолөнер бұйымдарын жасау немесе суда жүзу болуы мүмкін. Қызығушылықтың қандай түрі болатыны емес, оның екеуіңізге де ортақ болатыны маңызды.

4. Кішігірім тосын сый. Сүйіктіңіз шоколад қосылған балмұздақ жақсы көре ме? Арасында сатып алып, оның көңіл-күйін көтеріңіз. Бұл әрекетіңіз арқылы оған әлі қамқор болғыңыз келетіндігін дәлелдейсіз.

5. Көрісіп, қоштасқан кезде беттен сүю. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, сүйіктілері бетінен сүйіп шығарып салатын адамдар қызметте табысты болады екен.

6. Кешірім сұраудан қорықпаңыз. Хан қызынан да қателік кетеді демекші, шалыс баспайтын адам болмайды. Ең бастысы, сол қателігіңізді мойындаудан қорықпаңыз.

7. Кейде оңаша қалыңыздар. Қазір барлық адамның күн тәртібі өте тығыз. Ара-тұра жұмысты шетке ысырып, бұрын-соңды бармаған жерге қыдырып шығуларыңызға болады.

8. Оның туысқандарын туғандарыңыздай көріңіз. Сүйіктіңіздің отбасы – сіздің отбасыңыз. Әрдайым оның туыстарын түгендеп, мейрам сайын құттықтауды ұмытпаңыз.

9. Ең маңызды үш сөзді ұмытпаңыз. Қиындықтарға тап болған кезде, «мен сені сүйемін» деген сөздерден артық көмекші жоқ.

10. Ауырған кезде жанашырлық танытыңыз. Ыстық сорпа әзірлеп, дәрі ішкізіңіз. Ұйқысының қанық болуын қадағалаңыз.

11. Серіктес болыңыздар. Жұмыстарды өзара бөлісіп алуларыңызға болады. Бірақ сүйіктіңіз жұмыстан шаршап келген күні оған көмек көрсетіңіз.

12. Сөзіңізге абай болыңыз. Сүйіктіңіздің достарының көзінше оны келеке қылып, дөрекі сөз айтудың қажеті жоқ. Бұл әрекетіңізбен оны ұятқа қалдырасыз. Көңіліңізге жақпайтын қылықтар жасаса, назыңызды ешкім жоқ жерде айтыңыз.

13. Уақытында келіңіз. Бәрінен де сүйіктің үшін алаңдап, оны күткеннен артық азап жоқ. Ал шақырған жерге дәл уақытында келсеңіз, уақытты барынша қызықты етіп өткізесіздер.

14. Жоспарларыңызбен бөлісіңіздер. Жұмыстан кейін досыңызбен жолыққыңыз келе ме? Уақытты қызықты өткізулеріңізге тілектеспіз. Алайда бұл туралы сүйіктіңізге айтуды ұмытпаңыз.

15. Ақылға сыймайтын әрекеттер жасаңыз. Сүйіктіңізді концертке билет алып қуантыңыз. Осыған дейін ұйымдастырмаған тосын сый жасаңыз. Бастысы, бір-бірлеріңізді сүйіңіздер. Махаббат – қайтарымына ешнәрсені талап етпейтін, құдіретті сезім. Оны бағалаңыздар.

Қ. Бүйенбай