Байлығын о дүниеге ала кеткен жігіт

Байлығын о дүниеге ала кеткен жігіт
Фото: Наталья Бугрова

Бір жігіт қара күшімен жұмыс істеп, өмір бойы ақша жинаған екен. Ақша мәселесіне келген кезде, оның сараңдығына ешкім де теңесе алмайтын еді. Ақшаны бәрінен артық көріп, өлім аузында жатқан кезде әйеліне: «Мен қайтыс болған соң бар ақшамды өзіммен бірге көміңдер. Байлығымды о дүниеге де ала кеткім келеді», - деген екен. Осылайша әйелінен уәде алады.

Күндердің бір күнінде әлгі еңбекқор жігіт қайтыс болады. Қабірінің басында қара жамылған әйелі мен оның құрбысы отырады. Қоштасу рәсімі аяқталған соң жігітті қабірге жатқызып жатқан кезде, әйелі адамдарды тоқтатады. Артынша қабірге аяқ киімнің қорабын салғызады.

Құрбысы: «Ақымақтық жасап, бар ақшаны салып жібермеген шығарсың?» - деп сұрайды. Әйел: «Мен өзім уәде бергендей, бар ақшаны әлгі қорапқа салдым. Дініме берік адаммын. Сол себепті өтірік айтпаймын. «Сонда сен бар ақшаны құрдымға жібердім деп айтпақшысың ба?» - деп құрбысы жалма-жан мәселенің анық-қанығын анықтауға кіріседі. «Ия, мен барлық ақшаны өзімнің есепшотыма салып, артынша оған чек жазып бердім», - дейді.

Дүниеқор жігітке осындай ақылды жанның жолыққаны – нағыз бақыт. Кейде адам баласы пендешілікке салынып, артық кетсе де, осындай ақылды жандардың арқасында тепе-теңдік орнайды. 

Қ. Бүйенбай