Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Қарындас, атыңыз кім болады?

Қарындас, атыңыз кім болады?

Қарындас, атыңыз кім болады?

Көшеде танысу дұрыс емес деп ойлайсыз ба? Алайда далада қасымыздан қаншама сұлу жігіт пен қыздар өтіп жатады. Мүмкін солардың бірі сіздің екінші жартыңыз болар? Оны жіберіп алмаймын десеңіз, мына кеңестермен таныс болыңыз.

"Қарындас, атыңыз кім болады?" дегенді әлі де қыздармен танысудың ең дұрыс жолы деп білесіз бе? Жігіттер, бұндай ұсыныс қазірде ешбір қызды қызықтыра алмайды. Кішкене болса да қиялды іске қосып, әзіл айтып, жүрегін жұмсартқаннан кейін, өзі де сізбен танысуға құштар болады.

Мына жерде тәжірибе жүзінде тексерілген қызбен (жігітпен де) танысу амалдары жиналған. Сонымен, көшеде, далада, саябақта, аялдамада, автобуста, метрода, дүкенде және т.б. осындай жерлерде танысамын деушілер мына сөздерді есте сақтаулары керек.

  • Бір мерекемен құттықтаңыз. Кез келген. Тіпті ол мереке іс жүзінде болмаса да. Мысалға кітапханашылар не плеоназм (сөздің мағынасын білу де шарт емес) күнімен.
  • "Біз осыдан 2 жыл бұрын бәленше жерде танысып едік қой? Жоқ? Ендеше қазір танысайық!"
  • "Сәлеметсіз бе! Мен біздің қаламыздың тұрғындарының санағын жүргіземін. Сізден бастайын. Есіміңіз?"
  • "Бір көргеннен ғашық болуға сенесіз бе? Не мен бір айналып қайта келейін бе?"
  • "Ал сіз скрипкада ойнайсыз ба? Мен де! Көрдіңіз бе, қанша ортақ нәрсеміз бар!"
  • "Сіздің әдемі күлкіңізді көріп, қайда бара жатқанымды ұмытып қалдым!"
  • "Сіздей сұлу қызды көргенде, әлі үйленбегеніме шүкір дедім!"
  • "Кешіріңіз, маған жедел жәрдем шақырасыз ба? Сізді көріп, жүрегім тоқтап қалған сияқты"
  • "Сізді көріп, басым сонша айналғаны. Қолыңыздан ұстай тұрайыншы?"
  • "Тоқтай тұрыңызшы, мен сіздің суретіңізді салып отырған едім"
  • "Сәлем, мені таныдың ба? Қалай кім? Болашақ жарыңмын"
  • "Менің есімім бәленше, бірақ сіз мені "жаным" дей беріңіз"
  • "Мен қыздармен (жігіттермен) қалай танысу керек екені жайлы кітап жазып жүрмін. Сізге бірнеше сұрақ қойсам болады ма?"
  • "Танысуға жүз амал табар едім, бірақ көп сөзсіз есіміңізді айта салыңызшы?"
  • "Міне, қазір менімен танысуға ұялып, кетіп қаласыз. Ал тағдыр сізді кейін мендей жігітпен кезіктіретініне сенімдісіз бе? Осындай мүмкіндікті қалайша жібересіз?"

Айтуға болар сөздер ұнатқан жаныңызды кезіктірген жерге, уақытқа, сол адамның көңіліне байланысты өзгереді. Бастысы қорықпаңыз, әзілдеңіз, ұялмаңыз. Расында бұл осы адаммен танысудың жалғыз мүмкіндігі бола алады.

Ал сіз қандай танысу амалдарын қолданасыз?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: realbuzz.com

18870 0
Рейтинг: +6

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 12 шілде 2012, 19:28
Пікірлер
+1
12 шілде 2012, 16:27

Сіздей сұлу қызды көргенде, әлі үйленбегеніме шүкір дедім!" :lol:

+0
12 шілде 2012, 16:28

"Кешіріңіз, маған жедел жәрдем шақырасыз ба? Сізді көріп, жүрегім тоқтап қалған сияқты" :D :D :D

+0
12 шілде 2012, 16:30

еще былай істеуге болады; бір жапырақ қағазға мынаны жазып, қыздың қолына ұстатасың: аты-жөні: Жөнсізбай Базарбайұлы, туған күні-01,01,1988. Сделано в СССР

+0
12 шілде 2012, 16:31

:lol: :lol: :lol:

+0
12 шілде 2012, 16:31

"Кешіріңіз, маған жедел жәрдем шақырасыз ба? Сізді көріп, жүрегім тоқтап қалған сияқты"

+0
12 шілде 2012, 16:31

ішегім қатты :lol:

+0
12 шілде 2012, 16:32

Сәлем, мені таныдың ба? Қалай кім? Болашақ жарыңмын" дейтін болса есің ауысқан дейтін шығар :lol:

+0
12 шілде 2012, 16:34

Бір танысым осылай сөйлеуші еді, еріксіз есіме түсіп кетті)))

+0
12 шілде 2012, 16:33

Алғашында бастап келе жатқанда кетіп қалар ем... Ал отасынан соңына дейін "сынып" тұрсың ғо :D

+0
12 шілде 2012, 16:45

Қызық екен. "Қарындас, сағат неше?" деген қалып қойыпты ғой)) :lol: :lol:

+0
12 шілде 2012, 16:53

тошно!

+0
12 шілде 2012, 16:56

өзінде қолында сағат бар дид))))

+0
12 шілде 2012, 17:04

уау маған қырындап тур, әйпесе жынды адам супермаркет ішінде бояна ма? )))))

+0
12 шілде 2012, 17:08

Бір оқиғаны айтып берейін )) "Мына Мейіргүл басынан не кешпеген өзі?" деп сөге гөрмеңіздер. Жәй... Осы массагетке кірсем болды, ақтарылғым кеп тұрады )) Айтайын дегенім, бір күні күн шыжып тұр. Аспан айналып, жерге түсейін деп тұрған кез. Аялдамада Макси шәй ішіп тұрсам, біреу келіп: "Қарындас, Макси шәйіңізден беріңізші" дейді. Стильный болып киініп алған былайынша сымбаттыша келген бала. Күн көре алмай жүрген біреуге ұқсамайды. Хм... Не де болса, ойнағың келіп тұр ғой менімен дедім ішімнен. Дедім де, үндемей тұра бердім. Анау жырбаң етіп, екінші жағыма шықты да: "Қарындас, не аяйсыз ба менен, беріңізші шөлдеп тұрмын, сізге мың теңге берем, сіз маған Макси шәй бересіз" деп қалтасынан мың теңге шығарып, маған ұсынды. "Соған сатып алсаңызшы, тұр ғо міне дүкен" дедім басқа сөз аузыма түспей. Анау жарбиып қасымнан кетпей тұрып алды. "Қарындас, жақсы, Макси шәйіңіз керек емес, атыңызды айтыңызшы тым болмаса" дейді. )) Хехе. Тым болмаса))) Арғы жағын айтпай-ақ қояйын ))) П.С: Басқаларыңыз да айта отырсаңыздаршы танысу хикаяларыңызды )))))))

+0
17 шілде 2012, 17:03

Мика, шынында сенің бастан кешкен оқиғаларыңнан телесериал түсруге болады ))

+0
12 шілде 2012, 21:54

Таксимен кетіп барам, таксист сөйлегісі кеп келе жатыр көріп отырмын. Бір уақытта : "кластастарыңыз қай жылғы деп едіңіз" дейді күліп жібердім, бір уақытта "атым, Альбина дедіңіз иа" деп ақыры танысып алды менімен

+0
13 шілде 2012, 22:20

базар жоқ таксист ") аумаған өзім

+0
12 шілде 2012, 22:06

Бір мекен жайды айтып жіберіңізші деп, білсе де білмейтін адамша сұрау - танысу амалдарының тағы бір түрі.Менің, то есть біреудің басынан өткен. :D

+0
13 шілде 2012, 22:17

"Сіздің әдемі күлкіңізді көріп, қайда бара жатқанымды ұмытып қалдым!"
"Сіздей сұлу қызды көргенде, әлі үйленбегеніме шүкір дедім!"
өөрррртт :lol:

+0
14 шілде 2012, 08:56

жақсы нәрселер екен,озіме керекті создерді жаттап алдым хихи :mrgreen:

+0
14 шілде 2012, 12:03

кеше болған танысу бұл: ауруханада 086 у формасындағы справканы алуға кезекте тұрмын. Қасымда бойшаң келген жігіт тұр. Маған: Сізде магистратураға түсуге документ жинап жүрсіз бе? Мен: жоқ оған емес, басқаға дедім. Ол: ааа? әлі студент екенсіз ғой дейді, сомен не керек менімен танысты. Ақыр аяғында менің ағамның жолдас баласы болып шықты ғой не керек ))) кездесу деп осыны айт, күтпеген кездесу...

+0
14 шілде 2012, 12:06

1 курста көшеде келе жатсам, бір жігіт: қалайсың? мені танымадың ба ? демесі барма ))) өзі бір сүйкімді, кішкене бұзық балдарға ұқсайды. Анда-санда көріп қаламын ылғи сол жерден. Жымиып қойып өтеді )))

+0
16 шілде 2012, 13:10

Бір күні теміржол вокзалының қасында пойызға шығып бара жатсам, қасымнан бір жігіт өтті, бір кезде кері қарай жүрді де қолыңыздан ұстап жүрейінші деп қолыма жармасып жатыр, қатты қорыққаным сондай дым дей алмай қалдым, есімді жиып әйтеуір қолымды тартып алдым сосын....жалпы жігіттер ондай нәрселердің түрін жасай береді қыздарға қарағанда, мысалы мен мына танысу әдістерінің бірде бірін қолдана алмас едім жігітпен қанша танысқым келіп бара жатса да....

+0
16 шілде 2012, 17:29

1 курс оқып жүрген кезім. Кентауда болатын. көшеде үйге қарай бара жатқанмын. Артымнан бір жігіт келіп "қарындас, аппақ иығыңызды көрсетіп қайда бара жатырсыз" дегені. бірден иығыма қараппын. жабық тұр. сөйтсем күледі, қалжыңдағаным ғой, үйіңізге дейін шығарып салайыншы деп...

+0
02 ақпан 2013, 15:52

танысу онай былай жасайсын алдымен кызга барып жакка 2 удар

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...