Жұрт көзіне түскісі келмейтін жігіттің құпиясы

Жұрт көзіне түскісі келмейтін жігіттің құпиясы
Фото: Dmitry Lee

Қарым-қатынаста түрлі жағдайлар мен жайттар, түрлі сезімдер орнап жатады. Бірі жұрт көзінен жатсынбай ашық кездескенді ұнатса, ал енді кейбір жігіттер жұрт көзінен тасада жасырын кездесу ұйымдастырғанды дұрыс көреді. Бірақ бұл қыздар үшін күмән туғызбай қоймайды. Сонымен, жігіттер не үшін жасырын кездесуге құмар? Жобамен ойланып, мұндай жігіттердің құпиясын ашып көрелік.

Жұрт көзінен жасқанады. Қызбен жүргенін жұрттың көргенін қаламайтын жігіттер жетіп артылады. Олардың көбі көп жағдайда ұялшақ, әрі жасқаншақ болып келеді. Олардың ойында қызбен қыдырып жүргенін немесе кездесіп отырғанын әлдекімдер көріп қалса ұялтып мазақ қылады деген жалтақтық бар. Сондықтан сүйген қызын жасырын кездесуге шақырады. Сонда ғана ол өзін еркін сезінеді. Бірақ мұндай жалтақтықтың қарым-қатынасқа дым да керегі жоқ. Жұрттың сөзі мен көзінен жасқанып, қашанға дейін тығылып жүресіз?

Әйелі не жүретін басқа біреуі бар болғандықтан. Қызбен жасырын кездескенге жаны құмар жігіттердің көбінің әйелі немесе қызы бар болып шығады. Мұндай жағдайда оның жұрт көзінен қашқақтайтынын оңай түсінуге болады.

Тыныштықты қалайды. Кейбіреулер жасырын кездескеннен жаны тынышталатынын айтады. Көптің көзінен түсіп, шаршаудың үстіне шаршайсың деп ойлайды. Сондықтан қоғамнан бөлектеніп, қаланың шуынан қашу үшін жұрт көзінен тасада тынығып, сүйгенімен сыр шертіскенді ұнатады.

Ұқсас жазбалар:

Сүйгендер де қоштасады...

Жігіттерге қатаң түрде тыйым салынады!

А. Әбілхан