Адамдар қалай ғашық болады? #2

Адамдар қалай ғашық болады? #2
Фото: Владимир Акуленко

Адамның барлығы белгілі бір жұлдыз иесі болып туылған. Осы жұлдыздар болмағанда, олардың тағдыры басқа болар ма еді? Әзірге жұлдыз иелерінің қалай ғашық болатынын талдайық.

Таразы

Махаббатты өнер деп біледі. Айналадағының бәрі әдемі болғанын қалайды. Өмірдің қысқа екенін түсініп, әр тағатын пайдалы істерге арнайды. Үнемі сүйіктісін қуантады.  


Сарышаян

Бұл жұлдыз иелеріне тұрақсыздық тән. Көрсеқызар келеді. Жылдам ғашық болады. Ең бастысы, өзіне ғашық ете біледі.

Мерген

Сезімнің шырмауына мүлдем түспегенді жөн көреді. Себебі арты жаман болуы мүмкін екенін біледі. Барлығы әдеттегідей жүрекке жара салады. Аузы күйген үрлеп ішеді демекші, сүйіктісіне үнемі күдікпен қарайды.

Тауешкі

Олар саналы түрде ғашық болады. Барлығының өз уақытымен жүзеге асқанын қалайды. Ғашығын ұзақ уақыт бақылағаннан кейін ғана сөз салады.

Суқұйғыш

Олар сезімді басқаша түсінеді. Басқалары шамамен былай түсінеді: «Мен сені сүйемін. Сен менің бар шығынымды көтеріп, уақытыңды тек маған ғана арнауың керек". Ал суқұйғыштар керісінше махаббатты қамқорлық таныту деп біледі. Сүйген адамы кездесуге қырық минутқа кешігіп келсе де, түсіністікпен қарайды.

Балықтар

Қол жетпейтін адамдарға ғашық болуды ұнатады. Махаббаты үшін күресіп, талай қиындықты өткеруді жөн көреді. Өз мақсатына жетпей тынбайды. Сүйіктісін өзіне қарату үшін аспандағы айды алып беруге дайын.

Қ. Бүйенбай