Өміріңізді өзгерткіңіз келсе

Өміріңізді өзгерткіңіз келсе
Фото: hq-wallpapers.ru

Егер өзіңізге, өміріңізге көңіліңіз толмаса, өзгеріңіз. 

1. Ішіп жүрген тамағыңызға назар аударыңыз. Бәрінен арылып, тек қана табиғи жеміс-жидек, су, тойдыратын ас-ауқат ішіңіз. 

2. Шет тілін үйреніңіз. Бұл – өміріңізге өзгеріс енгізеді. Дүниені жаңаша қабылдай бастайсыз. Жаңа адамдармен танысасыз. Бүгінде ағылшын тілін меңгеру қажеттілікке айналып бара жатыр. 

3. Кітап оқыңыз. Егер кітап оқуға уақытыңыз болмаса, аудиокітап тыңдаңыз. Аптасына кем дегенде 1 кітапты оқуға (тыңдауға) тырысыңыз. Жұрт жарыса оқитын кітаптардан бастағаныңыз жөн.

4. Әр демалысыңызды пайдаға асырыңыз. Музейге, көрмеге барыңыз, спортпен шұғылданыңыз, қаланың сыртына саяхаттаңыз, туысқандарыңызға кіріп-шығыңыз. Әлеммен байланысты ұлғайтыңыз. Бастысы – бір орында отырмаңыз. 

5. Күнделік не блог бастаңыз. Тіл маманы болмасаңыз да, өз-өзіңізге есеп беруден қашпаңыз. 

6. Мақсат қойыңыз. Бастысы – өзіңізге түсінікті нақты болсын. Егер алдыңызға мақсат қойсаңыз, оған міндетті түрде жетесіз. 

7. Ерте тұрып үйреніңіз. Ерте тұрған әйелдің ырысы артық, ерте тұрған еркектің бір ісі артық. 

8. Айналаңызды адал, жөні түзу, білімді, табысты адамдар қоршап жүрсін. Өзіңіз сыйлайтын, үйретері бар адамдармен араласыңыз. Өмірден түңіліп кеткен адамдармен азырақ сөйлесіңіз. 

9. Саяхатқа шығыңыз. Шетелге болмаса да, Қазақстан қалаларына саяхаттаңыз. Біздің еліміздің табиғаты өте тамаша!

10. Сыртқы келбетіңізді өзгертіңіз, шаш үлгісін басқаша қидырыңыз. 

М. Оңғарова