Кеңседе сергудің жолдары

Кеңседе сергудің жолдары

Кеңседегі жұмыс жалықтырды ма? Жұмысыңызды жасап, ғаламторды шарлағаннан шаршадыңыз ба? Ендеше, мына кеңестерге құлақ асып, жұмыс орнында көңіл-күйді көтерудің амалдарымен таныс болыңыздар.

Жұмыс орныңызға гүл әкеліп қойыңыз

Отырғызылған, не жаңа кесілген гүл болса да - өз еркіңіз. Бастысы жұмыстан шаршаған кезде әдемі гүлге назар аударып, суарып не суын ауыстырып қойсаңыз, иіскеп не жай сүйсініп қарасаңыз болады. Әріптестеріңіз де сіздің үстеліңізге қызығып қарап өтпек.

Жайдары әріптесіңізбен әңгімелесіңіз

Позитивті адамдармен араласқанда, олардың оң энергетикасы жан-жаққа шашырайтыны белгілі. Әріптестеріңіздің арасынан осындай жанды таңдап алып, оған шай не кофе ұсынып, кеңсе жаңалықтары жайлы әңгіме бастаңыз. Бірнеше минуттан кейін-ақ оның позитивті көңіл-күйі сізге де беріледі.

Үстеліңізді жинастырыңыз

Үстеліңіз онсыз да реттеліп тұрса да, ескі қағаздарды бір қарап, қажет еместерін лақтырып, қалғандарын топтастырып қойыңыз. Орныңыздың жаңарғанын сезінгеннен кейін, жұмысқа қайта кірісуге құштар боласыз.

Әріптесіңізге көмек беріңіз

Мейірімді істер - жақсы көңіл-күйдің бірден-бір қайнар көзі. Әріптесіңізге кішігірім көмек көрсетіп, рақметін естігенде, бойыңызда жаңа күш пайда болғанын сезінесіз. Бұндай сезімді ғаламтордағы әзілдерден ала алмайсыз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: notahati.com

С. А