Ене мен келін жайлы өсиет әңгіме

Ене мен келін жайлы өсиет әңгіме
Фото: Валентин, Арина Осинцевтер

Бір ауылда бір қыз өмір сүрген еді. Дәстүр бойынша, ол жігітінің үйіне келін болып түсіп, енесімен бірге бір шаңырақтың астында тұрды. Алайда оған жаңа тұрмыс ұнамаған еді. Енесі оған үнемі бір нәрсені үйретіп, «дұрыс істемедің» деумен болды.

Бір күні таңертең қыз бақсыға барады.

- Не жағдаймен келдің, сұлу қыз? Жігітті қарату үшін бе? – деп сұрады қарт. Қыз оған:

- Жоқ, менің сүйікті жарым бар, бірақ оның анасымен тұра алмаймын, – деді.

- Менен не қалайсың?

- Өтінемін, оны уландыруға көмектес!

- Осымен бақытты боламын деп ойлайсың ба? Жарайды, саған жаным ашығандықтан, бір у беремін, оны шайға қосып, қайнатып беруің керек. Бірақ саған айтар кеңесім бар.

- Қандай? Не айтсаң да, орындаймын.

- Біздің ауылда өсек тез тарайтынын білесің. Сені бірінші айыптайды. Сондықтан енеңе деген қарым-қатынасыңды өзгертуің керек. Жұмсақ бол, сәлемің түзу болсын, үнемі жымиып жүр. Азабың ұзаққа созылмайды.

Жас келін қарттың сөзін тыңдап, айтқанын жасайды. Таңертең ерте тұрып, нан пісіріп, тамақ дайындайды. Енесіне шай қайнатып, уын салады. Еркелетіп шайға шақырады. Асыл жары қуанып жүреді. Енесі келінін жақсы көре бастайды. Келіні де шын мәнінде енесін жақсы көріп кетеді. Бірден әлгі қарттың үйіне барып, былай деп жалынады:

- Әкей, өтінемін, маған уға қарсы дәрі бер. Көп у қосып қойдым. Өліп қалады-ау! Оған бауыр басып қалдым, маған туған анамдай қамқор болды.

Сонда ақсақал:

- Жаным, сабаңа түс. Мен саған у емес, жұпар иісті шөптер бердім. Сен оған улы емес, дәмді әрі пайдалы шай бердің. У сенің жүрегіңде болды, енді одан да арылдың, – деген екен. 

Бұл өсиет әңгімені оқыған әр адам өзіне үлкен сабақ алады. Егер сол қарттың орнында жауыз адам болғанда, бір шаңырақтың бақыты шайқалатын еді. Дана адамның дұрыс шешімінің арқасында жас келін енесімен тіл табысып, екеуі бір үйдің адамына айналды. 

Сол себепті, жағдай қаншалықты қиын болмасын, оның шешімі табылатынына сенімді болыңыз.

Ұқсас жазбалар:

Болашақ жарыңыздың анасымен қалай танысасыз?

Жігіттердің жүрегін жаулау үшін...

Ф. Абилова