Енесін сыйламайтын келін (видео)

Енесін сыйламайтын келін (видео)

Ата-анамыз жастайымыздан үлкенді сыйлауға баулып, оларға үнемі ізеттілік танытуға үйретеді. «Алдын кесіп өтпе», «сөз қайтарма сынды» тыйым сөздер айтып отырады. Олардың жасы бізден үлкен болғандықтан ғана сыйлауымыз керек пе?

Қандай жағдай болмасын, үлкен адамдармен сөйлескенде, қарым-қатынасқа түскенде ұстамдылық танытуымыз керек. Әсіресе жаңа түскен келіндер. Заман ағымына сай отбасында басшы болуды жөн көріп, ата-енесіне сөз қайтаратын, өтініштеріне зіркілдеп сөйлейтін қыздар пайда болды. Сол қыздардың арқасында отбасының шырқы бұзылып, ажырасатын жастардың саны көбеюде. Дәл осындай қарым-қатынасты төмендегі видеодан көре аласыз.  

Сурет: Анна Мазур

Қ. Бүйенбай