Махаббат деген не?

Махаббат деген не?

Назарларыңызға махаббат жайлы үздік дәйексөздер топтамасын ұсынамыз:

Салыстыруды доғарсаңыз, шын махаббатқа қол жеткіздіңіз деген сөз.

Бернар Грассе

Сүю – бір-біріне қарап отыру емес, бір бағытқа қарау.

Антуан де Сент-Экзюпери

Сүю – бір бағытқа қарау ма? Мүмкін, әрине, егер екеуі де теледидар қарап отырмаса.

Жильбер Сесброн

Ауруды дәрімен емдей аламыз, ал жалғыздық,  торығу мен үмітсіздіктің емі – махаббатта. Әлемде аштықтан өліп жатқан адам көп, бірақ махаббатсыз өліп жатқан адам одан да көп...

Тереза ана

Біреудің махаббатын жаулау үшін – өзіңіз махаббат сыйлаңыз.

Жан-Жак Руссо

Шын сүю – біреудің бақытынан өз бақытын таба білу.

Готфрид Лейбниц

Махаббат соңынан ергендерден қашып, өзінен қашқанның мойынына асылады.

Уильям Шекспир

Махаббат ешнәрсені талап етпейді, бірақ үнемі бөліседі.

Свами Вивекананда

Махаббат сенімнен ашығырақ дүние. Ғашық болып, алданған пендені аяу емес, құрметтей білу керек.

Андрей Платонов

Жауапсыз махаббат адамды жер етпейді, керісінше, көкке көтереді.

Александр Пушкин

Дегенмен, махаббат – адамның өзіндік қасиеттерінің айнасы.

Ральф Эмерсон

Бір-бірін түсіну үшін ортақ нәрсе болу керек, бір-бірін сүю үшін екеуара айырмашылық болу керек.

Поль Жеральди

Ал сіз үшін махаббат деген не?

Сурет: Юлия Королева

Ұқсас жазба:

Қызғаныш неден туындайды?

Ф. Абилова