Қыздың жасына байланысты туған аңыздар

Қыздың жасына байланысты туған аңыздар

Әсіресе қазақ қыздары жасы үлкейген сайын өзін көп нәрседен тежейді. "Ұят боладының" ықпалымен қыздар өз өміріне жаңалық енгізуге асықпайды. 

Сәнмен киіну. Қыз бала жасы ұлғайған сайын сәнмен киінуді жөн көрмейді. Үстіне киетіні – қатаң көйлек. Егер тұрмыс құрған болса, өзіне мүлде көңіл бөлмей кетеді. Бірақ сәнді, ашық киімдер тек жас қыздарға арналмаған. Бетіңізде пайда болған әжім ізі мен мүсініңіздің сәйкес келмеуі күңгірт киім киюіңіздің себебі бола алмайды. Өзгеріңіз! Киім аларда ашық, сәнді, қымбаттын алудан бас тартпаңыз! 

Жеке өмір. Қыз жасы ұлғайған сайын талғампаз болып кетеді. Жылдар бойы жинаған тәжірибесі үміткерлерді бірінен соң бірін сызып тастайды. Бірақ өмір өтіп жатыр. Өзіңізді жалғыз жүріп-ақ қамтамасыз ете алсаңыз да, жеке өміріңізге жаңалық енгізуге асығыңыз! Мүмкіндік беріңіз! Ал егер тұрмыс құрып қойған болсаңыз немесе жігітіңіз болса, онда өзіңіз таңдаған адамға көңіл бөліп, оған қайта ғашық болыңыз. 

Баланы дүниеге әкелу қиын. Көп жағдай бұл жерде жасыңыздан гөрі денсаулығыңызға байланысты. Жас мөлшері адамға тәжірибе, даналық берумен қатар, денсаулыққа бей-жай қарамауды үйретеді. 

Жаңа нәрсені үйренуден бас тарту. Қыз балаға кәрілік өзін дамытудан бас тартқан кезінде келеді. Қанша жаста болсаңыз да, қызығушылық, көзіңізде жанып тұрған от, жаңа әсер алуға ұмтылу сізді жасартады. Адамның көңілі – мәңгі жас. Курстарға қатысып, жаңа нәрсе үйренуге ұмтылыңыз. Бұл сізге жаңа достар сыйлайды. 

Арман енді орындалмайды. Бізде "30 жасқа дейін жетістікке жетіп үлгермеген адам өмір-бойы сол күйінде қалады" деген түсінік бар. Бұл – өте қате тұжырым. Армандауды, арманға сенуді ешқашан тоқтатпау керек. Әлемде өз арманына тіпті 40 жастан кейін жеткен танымал тұлғалар бар. 

Ұқсас жазба:

Қыздарға құлаққағыс: Мұндайдан ары болыңыз!

Сурет: fotokto.ru

М. Оңғарова