Өзіңіз туралы білгіңіз келе ме? #2

Өзіңіз туралы білгіңіз келе ме? #2

Адам баласы ешуақытта мінсіз болған емес. Әрдайым жақсы, жаман қасиеттері өзара алмасып көрініс тауып отырады. Бір адам жібектей нәзік мінезін бағаласа, екіншісі керісінше дәл осы адамды қатыгез жан деп біледі. Есесіне жақсы, жаман қасиеттерімізді білу арқылы бір-бірімізге түсіністікпен қарай аламыз.  

Арыстан

Жақсы қасиеттеріңіз:

- нағыз патшасыз;
- туған күніңізді жаз мезгілінде атап өтесіз;
- мақсатыңызға жетпей тынбайсыз;
- адалсыз;
- қолыңыз ашық;
- батылсыз;
- өзіңізден көмек, кеңес сұраған адамдарға үнемі көмектесесіз.

Кемшіліктеріңіз:

- кейде тым тәкаппарланып кетесіз;
- қырсық мінезіңіз бар;
- атаққұмарсыз;
- кемшіліктеріңізді естігенді, біреудің қатеңізді түзегенін көтере алмайсыз.

Бикеш

Жақсы қасиеттеріңіз:

- ұқыптысыз;
- эмоцияңызды бақылай аласыз;
- ақыл-парасат деңгейіңіз жоғары;
- байқағыштық қасиетіңіз бар;
- қателеріңізді анализдей аласыз;
- табиғатыңыздан тартымдысыз;
- қажет кезде кеңес бере аласыз;
- достарыңызды тыңдап, оларға түсіністікпен қарай білесіз.

Кемшіліктеріңіз:

- өмірлік жарыңызды ұзақ таңдайсыз;
- тазалыққа шектен тыс мән беретін қасиетіңіз айналаңыздағылардың ашуын келтіреді;
- өмірге жиі лағнет айтасыз;
- қызғаншақсыз.

Таразы

Жақсы қасиеттеріңіз:

- сабырлысыз,
- орнымен сөйлейсіз;
- айналаңыздағыларды мінезіңізбен баурай білесіз;
- алдыңызға қойған мақсатыңызға жетпей тынбайсыз;
- жауапкершілігіңіз мол;
- үнемі жаңа идеялардың жетегінде жүресіз.

Кемшіліктеріңіз:

- көңіл күйіңіз тез құбылады;
- өзіңізге не керегін нақты білмейсіз;
- достарыңыз бен таныстарыңыздың пікіріне тәуелдісіз;
- бала сияқтысыз;
- үнемі достарыңыздың қолдауын қажетсінесіз.

Сарышаян

Жақсы қасиеттеріңіз:

- белсендісіз;
- әр істен пайда көресіз:
- жұмысты соңына дейін жеткізесіз;
- жауапкершілігіңіз мол;
- мақсаткерлік қасиетіңіз бар;
- адал доссыз;
- жұмбақ жансыз;
- өзіндік пікіріңіз бар.

Кемшіліктеріңіз:

- тым қызғаншақсыз;
- меншіктеп алғанды ұнатасыз;
- өзімшілсіз;
- үнемі күйзеліп жүресіз;
- кекшілсіз.

Жалғасы бар...

Сурет: ©Ильяс Садыков

Қ. Бүйенбай