Кофе ғұмыр

Кофе ғұмыр

Бір күні әкесіне қызы көңілсіз келіп өміріне шағым айта бастады:

- Әке, мен бәрінен шаршап кеттім. Менің жеке өмірімде де қызметімде де үнемі қиындықтар таусылмайды... Мұның бәрімен қалай күресемін?

Сонда әкесі байыппен былай деді:

- Мен саған қазір көрсетейін.

Әкесі отқа су толы үш ыдысты қойды да, әр ыдысқа сәбіз, жұмыртқа мен кофе салып қайната бастады. Біраз уақыт өткен соң отты өшіріп, қызынан сұрады:

- Бұларға не болды?

- Не болушы еді, ыстық су қайнағанда жұмыртқа мен сәбіз пісті де, кофе қайнап еріп кетті, - деп жауап берді қызы.

- Дұрыс! – деді әкесі, - егер біз бұған байыппен көз салсақ, қайнаған суда қатты сәбіз жұмсарды, ал сұйық жұмыртқа қатып қалды. Бұларды осындай күйге түсіріп, өзгерткен қайнаған су – қайнаған өмір. Адамдарды да өмір осылай өзгертеді. Осындай жағдайлар өмірде де жұмсақ адамды қатты, қаттыны жұмсақ етеді.

- Ал кофе ше? – деп таңдана сұрады қызы.

- О, кофе – бұл ең қызығы. Ол мына қайнаған суда еріп кетті де оған ерекше дәм мен иіс сыйлады... Бұл өмірде осындай адамдар көп. Олар жағдайды өзгерте алмаса да, жағдайға байланысты өзін өзгертеді де өміріне өкпе артпай тіршілігін жалғастыра береді. Сөйтіп өзіне жаңа іс тауып, өзін басқа қырына ашады. Бұл өмірде қандай рөл атқару – әркімнің тәуелсіз таңдауы.

Сурет: rewalls.com

А. Әбілхан