Әр адамның 10 қасиеті

Әр адамның 10 қасиеті

Көп ғасыр бойы жұлдызнама мәдени мұра болып ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келеді. Адамдар ғылым тілі жауап бере алмаған «Жер бетіне не үшін келдік?» сынды сұрақтардың жауабын іздейді. Бүгінгі таңда ауыз толтырып айтуға тұрарлық жетістіктеріміз көп болса да, әрдайым өзімізді танып-білуге ұмтыламыз. Осыған орай, назарларыңызға әр адамның 10 ерекшелігін ұсынамыз.

Тоқты

1. Менімен сөз таластырып әуре болмаңыз.
2. Жасаған соң бірақ ойланамын.
3. Өзгелерінің батылы бармайтын істі қолға аламын.
4. Менің жаным да, тәнім де мәңгілік жас.
5. Қай істі қолға алсам да, жоғары нәтиже көрсетемін.
6. Әңгімелесушімді соңына дейін тыңдай алмаймын.
7. Қыңыр мінездің пайдасы бар.
8. Ситуацияға қарағанда эмоциямызды бақылау қиынға соғады.
9. Бір тоқты жақсы, екі тоқты көптік етеді.
10. Ешкімге тиіспеймін, бірақ тиіскенді оңдырмаймын.

Торпақ

1. Ақшамды зат сатып алуға қисам да, ойын-сауыққа қимаймын.
2. Өзгенің ала жібін аттамаймын және менің заттарыма тиіспегенін жөн көремін.
3. Соғысқа қарағанда адамдары түлкі болған заман жақсы.
4. Тыныш жатқан жыланның құйрығын баспа.
5. Арайлап атқан таңнан үйдегі жиһаздың сұлу болғаны артық.
6. Шаршағың келмесе, үнемі екінші бола біл.
7. Бір рет қана қолдануға болатын заттарды ұнатпаймын.
8. Менің қалауым – дегустаторлық.
9. Сүттің көп болуын момын бұзаудың өзі де жақсы көреді.
10. Жеген тамағымызға бей-жай қарауға болмайды.

Егіздер

1. Мен күнде құбыламын.
2. Ақпарат ситуацияны меңгерген адамның қолында болады.
3. Бір ақылдан екеуі артық. Әсіресе екеуі де бір адамға тиесілі болса.
4. Барлығына үлгеремін.
5. Идеялар міндетті түрде жүзеге асуы керек.
6. Үйге бір телефон мен бір теледидар жетеді. Алайда одан көп болып жатса, еш қарсылығым жоқ.
7. Үлгермеген өзіңнен көр.
8. Өмірде су бетінде жүзген скутер секілдімін. Терең сүңгімеймін, алайда тез қозғаламын.
9. Кейде шектен шығып кететін кездерім болады.
10. Сапаға назар аударуға уақытым жетпейтіндіктен, санын жеткізуді жөн көремін.

Шаян

1. Менің үйім – менің қорғаным.
2. Өзгелерді қамқорлығыма алғанды жақсы көремін.
3. Сабыр мен тәтті тағамның көп болғаны жақсы.
4. Шыдамды адамның алар асуы биік болады.
5. Достарыңмен дәмханада емес, үйде жолыққаның дұрыс.
6. Адамды астан өзгесі қуанта алмайды.
7. Ақшамды ұзақ уақыт жинасам да, алған затымның сапалы болғанын ұнатамын.
8. Жұрттың көзіне ілігетін жерде өмір сүру қиын.
9. Өткенімді өзіммен бірге өмір бойы алып жүремін.
10. Пальтоны 20 жылдың ішінде тоздырып жіберуге бола ма?

Жалғасы бар...

Сурет: ©Галия Карри

Қ. Бүйенбай