«Сүйікті әйелдің ісі үнемі оңға басады»

«Сүйікті әйелдің ісі үнемі оңға басады»

«Әйел баласының бойындағы сұлулық ол үшін екі жағдайда қиындық туғызады: Өзі сұлу болмаған жағдайда және сұлулықтан басқа дымы болмаған жағдайда»

Моника Белуччи

«Адам өзінің қандай екенін білген күннен бастап есейеді»

Этел Барримор, актриса

«Сүйікті әйелдің ісі үнемі оңға басады»

Вики Баум, австриялық жазушы

«Қыс жақындаған сайын біз жеке куәлігіміздегі суретімізге ұқсап қаламыз»

Ванда Блоньская, поляк журналисі

«Бақыт деген – денсаулығыңның мықты,  есте сақтау қабілетіңнің нашар болуы»

Ингрид Бергман, швед киноактрисасы

«Көбіне романдардың, комедиялардың да соңы үйлену тоймен аяқталады. Демек, үйленгеннен кейінгі өмірдің айтатын түгі жоқ»

Маргарита де Блессингтон, ағылшын жазушысы

«Уақыт қалай зымырайды десеңші! Міне, менің жиырмаға толғаныма да он жыл болып қалыпты»

Ванда Блоньская, поляк журналисі

«Таңғы сегізден түннің жарымына дейін әдемі болып жүруден асқан қиын жұмыс жоқ»

Брижит Бардо

«Ол классикалық музыканы, сурет өнері мен көркем шығармаларды сүйді. Түсінемін, әркімнің өз кемшілігі болады»

Брижит Бардо

«Әдеп – ауызың жабық күйінде есінеу»

Брижит Бардо

«Біздің өмір деп атап жүргеніміз – жай ғана бір күнде не істейтініміз туралы жазылған күн тәртібі ғана..."

Ванда Блоньская, поляк журналисі

«Мәңгі жас көріну үшін ізгілікті өмір сүру керек, дұрыс тамақтану керек және қанша жаста екенің жайлы өтірік айтуың керек»

Люсиль Болл, актриса, телепродюсер

«Арықтау үшін тамақты өмірдің қызығы деп білмеу керек»  

Инна Гофф, жазушы

«Мен романды ортасынан бастап оқимын. Өйткені маған оқиғаның аяғын да, басын да ең соңында білген ұнайды»

Янина Ипохорская, поляк суретшісі және журналисі

«Әйелдер бала сияқты, «жоқ» деп айтқанды жақсы көреді, еркектер де бала сияқты соған сеніп қалады»

Янина Ипохорская, поляк суретшісі және журналисі

«Оған деген махаббатыңды сақтап қалғың келсе, оған тұрмысқа шықпай-ақ қой»

Катрин Денев, француз киноактрисасы

«Менің өз суреттеріме көңілім толмайды, өйткені суретте аумаған – өзім...»

Филлис Диллер, американ сықақшы-жазушысы

Cурет: amur.kz

 

А. Әбілхан