Қыздар мен жігіттердің әдеттері

Қыздар мен жігіттердің әдеттері

Қыз бен жігіттің айырмашылығын апта сайын сөз қылуды дәстүрге айналдырдық. Ол айырмашылықтардың себебі неде? "Жаратылысымыз сондай" деген жауаппен қанағаттанбаған ғалымдар әйел мен еркектің миларының құрылысы мен түрлі әрекетке жауаптарын салыстырып, мынадай айырмашылықтарды тапты.

  • Әйел миы ер кісінің миынан 10%-ға кем болады екен. Ғалымдардың айтуынша, бұл ақыл деңгейіне әсер етпейді. 
  • Жылдар өте ер кісінің миы әйелдікіне қарағанда тезірек кішірейеді.
  • Бірдей есепті не мәселені шешкенде әйел мен еркектер миларының түрлі бөліктері жұмыс істейді екен. 
  • Бір жерге барар жолды ер кісі бағыт пен ара қашықтыққа сүйеніп есіне сақтаса, қыздар ілулі тұрған жарнамалар мен дүкендерге қарап есіне алады екен.
  • Қыздар бір жерді не кісіні есіне алса, оның киген киімі мен көзінің түсі сияқты ұсақ-түйектерге дейін айта алады. Жігіттер болса, басты нәрселерден артығына көңіл бөлмейді.
  • Жігіттер ақпаратты тезірек қабылдап, тезірек жауап қайтара алады. Алайда әйелдер бір уақытта бірнеше ақпараттық ағынды қабылдай алады, ал жігіттер бір істі бітірмей екіншісін бастауды жөн санамайды.
  • Жігіттер жаратылыстану пәндерінде мықты болса, қыздарға гуманитарлық пәндер жеңіл болады. 
  • Әйелдердің көп сөйлеуі миына байланысты екен. Бұл қыздарды тыныштандырып, тиянақты болуына көмектеседі.
  • Әйелдер ерлерден күніне 3 есе көп сөз қолданады екен.
  • Әйелдің миы белсенді жұмыс істегенде, ерлердікінен қаттырақ "қызады" екен.
  • Әйелдердің ұйымдастыру қасиеті ерлердікінен әлдеқайда жоғары.
  • Ер кісінің есту қабілеті әйелдердікінен осал. Сондықтан әйелдер дыбыстардың көбісін естиді, ерлер мұндай қасиетпен мақтана алмайды. 
  • Жалпы түйсіну қабілеттерінің барлығы әйелде жақсырақ дамыған. Бір қарағаннан қыздар суреттің ұсақ-түйегіне дейін байқайды.
  • Жігіттердің ақпаратты қабылдау қасиеті бұрмаланбаған, олар не естісе, соны қабылдайды, ал қыздар интуиция мен эмоцияларды іске қосады, сондықтан көрген не естіген әңгімелерінде айтылмаған сырлар мен астарлап айтылған әңгімелер байқай береді.
  • Қыздар табиғатынан басқаларға көңіл бөліп, қамқоршыл болады. Ал ерлер бәрімен де жарысқанды жөн санайды. 
  • Далада жатқан допты көргенде ер кісі  барып бір тепсе, әйел оны көтеріп, қожайынын іздеуге кірісіп кетеді. Бұл біздің табиғи айырмашылығымыз

Айырмашылықтарымыз көп-ақ екен. Кейде бір-бірімізді ұғынбайтынымыз да осыдан болар? Ендеше бір-бірімізге түсіністікпен қарап үйренейік.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: knowbox.pl

С. А