Қыздың "қауіпті" сөздері

Қыздың "қауіпті" сөздері

Қыздардың сыңғырлаған дауысымен айтылған әр сөз құлаққа жағымды құстың әнімен бірдей. Алайда кейде қырсықтығы ұстап қалатын қыздардың да ауызынан "жаман" сөздер естіледі. Жоқ, ол балағат емес, тек жігіттердің жүйкесін жұқарта алатын "қауіпті" сөздер. Жігіттер, мына сөздердің біреуін ести қалсаңыз, абай болыңыздар!

"Мен қазір! Бес минут!" "Бес минуттың" жарты сағатқа созылып кетуіне дайындалыңыз.

"Ештеңе болған жоқ" Бұл сөз әлбетте бірдеңе болғанын көрсетеді. Және де ол сіздің кінәңіз болып шығатынына таң қалмаңыз.

Ауыр күрсіну. Бұл қыздың шаршап қалғанының белгісі емес. Ол тек сіздің оны түсінбейтіңізге көзі жетіп, басқа шарасы қалмағанын көрсетеді. Ішінде ол сізді айтқанды түсінбейтін бес жасар баладай көріп тұр.

"Бәрі жақсы" (және өтірік күлкі) Бұл жігіттің қыздан ести алатын ең қауіпті сөздерінің бірі. Бәрі жақсы деп ол әңгімені кейінге қалдырып, сізге өзінің дұрыстығын қазір дәлелдемей, кейін кек қайтаруға дайындалатынын көрсетеді. 

"Рақмет" Иә, тіпті осындай сөз де айтылған ниетіне байланысты "қауіпті" болып кетуі мүмкін. Қыздан "Рақмет" дегенді ести сала, "Оқасы жоқ" деп жауап қайтаруға асығыңыз. Алғысты не үшін айтып отырғанымен қызықпаған дұрыс.

"Үлкен рақмет" Сүйіктіңіз рақметпен шектелмей, екпінді "үлкен" сөзіне жасап, дауысында мысқылдауды сезінсеңіз, "Оқасы жоқ" деп айта көрмеңіз. Бұны кекету деп санаған қыз артын үлкен дауға апаруы әбден мүмкін.

"Маңызды емес" Бұл сөз қыздардың тілінде сізбен мүлде сөйлескісі келмейтінін білдіреді.

"Уайымдама, өзім-ақ істей салам" Жоқ-жоқ, әлбетте қызыңыз өзі қоқысты шығарып, не компьютерін жөндегісі келмейді. Дәл осы сәтте не сіз тізгінді өз қолыңызға алып, қоқысты шығарасыз, не кейін жауап беруге тура келеді.

"Айттым ғой" Пікірталастарыңыздың соңы сіздің қателігіңізді түсінгеніңізбен аяқталса, қыздың соңғы сөздері осындай болады. Ол өзінің дұрыс болғанын астын сызып көрсетіп, жеңісін осылайша жариялайды. 

"Сенікі дұрыс" Сізбен дауласуға шаршағаны соншалық, тіпті сіздікінің дұрыс екенін  мойындауға дайын болғаны. Алайда оның дауысы бойынша байқайсыз, әлбетте ол сіздің ойыңызбен келіспейді.

Қыздардан тағы қандай "қауіпті" сөздер естіп едіңіз?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: grandwallpapers.net

С. А