Ақшаны үнемдеудің 9 ережесі

Ақшаны үнемдеудің 9 ережесі

№1 ереже: Өзіңізді бағалаңыз
Үнемі табысыңызды көбейтіп отырыңыз. Бұдан артығына лайық екеніңізді есте сақтаңыз. Егер қазіргі жұмысыңыздың жалақысы аз болса, ойланбастан жаңасын іздеңіз. Немесе қосымша табыс көзін қарастырыңыз.
№2 ереже: Өзіңіз түсінбеген дүниеге қаржы салмаңыз
Ең алдымен, ұсынылған бизнестің қалай жұмыс істейтіндігін анықтаңыз. Қазір жастарға Mary Kay, Oriflame, Avon сынды косметика компаниялары жұмыс ұсынады. Егер сіз де сондай мүмкіндікке ие болсаңыз, ерінбей көшбасшыңыздан сабақ алыңыз.
№3 ереже: Уәделерге көп сенбеңіз
Көп ақша табу үшін нар тәуекелге бел буу керектігін түсінетін шығарсыз. Мұнымен қатар, жұмсаған ақшаңыздың табыс әкелетініне сенімді болуыңыз керек.
№4 ереже: Қаржыңызды қадағалап үйреніңіз
Көп адам айдың соңында жалақысының 30-50%-ының қайда кеткенін білмейді. Сондықтан, тек кірісті емес шығынды да есептеп отыру керек. Күнделікті ақшаны не нәрсеге жұмсағаныңызды тәптіштеп жазып, анализ жасап отырыңыз.
№5 ереже: Жеке бюджетті жоспарлаңыз
Қазан айында қыстық киім алу керектігін, Жаңа жылға отбасы мүшелеріне сыйлық сыйлайтыныңызды, көктемде дәрігерге қаралуға ақша жұмсайтындығыңызды алдын ала болжаңыз.
№6 ереже: Үнемі ақшаңыздың бір бөлігін сақтаңыз
Ақшаны жұмсаудан ғана емес, жинаудан да ляззат алуға болады. Өйткені, уақыт өткен сайын оның көлемі де ұлғая түседі. Осылайша, депозитке салынған ақшаңыз жаныңызды жылытып қана қоймай, өзіңізге деген сенімділікке ие болуға көмектеседі. Ай сайын табысыңыздың 10-20%-ын сақтап отырсаңыз, ол ақшаның жоқ екенін де байқамай қаласыз. Бұл тәсіл арқылы саяхаттауға, құнды дүние сатып алуға ақша жинайсыз. «Ақша ақшаны шақыратынын» ұмытпаңыз.
№7 ереже: Ешкімге қарыз болмаңыз
Әсіресе, үлкен қарызға кірудің қажеті жоқ. Мұнымен қатар, еш уақытта сақтап қойған ақшаны жұмсамаңыз. Әйтпесе, түксіз қаласыз. Қайтара алмайтыныңызды білсеңіз, өзгенің ақшасын сақтаудың керегі де болмайды.
№8 ереже: Өзіңізді қаржыландырыңыз
Табысты болғыңыз келсе, үнемі дүниетанымыңызды кеңейтіңіз. Біліктілікті арттыратын курстарға, түрлі тренинг пен семинарға қатысыңыз.
№9 ереже: Идеал болуды мақсат тұтпаңыз
Көп адам жарнамада көрсететіндей заңғар үйде тұруға, қымбат көлік мінуге ұмтылады. Осылайша, атақ қуамын деп жарты өмірін жіберіп алып жатады.

Сурет: rumbur.ru

Қ. Бүйенбай