Балалар - біздің көшірмеміз

Балалар - біздің көшірмеміз

Балалардың ең алғашқы таңқалу, жақтырмау, қуану, ренжу секілді қоғамдық эмоциялары қалай пайда болады? Бұлар, бірінші кезекте туа біткен қасиет емес, жаттанды эмоциялар. Балалар біздің көшірмеміз десек те болады. Олар үлкендердің эмоцияларын қайталауды ойын түрі ретінде қабылдайды.

Балалар үлкендердің іс-әрекетін сол қалпында қайталауды жақсы көреді. Осылай жасау арқылы өмірге бейімделеді. Жүгіру, құлау, ренжу, ұялу, күлу, ұрысу секілді кез келген физикалық белсенділікті құптайды. Иығымызды салбыратып, үнемі шаршап жүретін болсақ, балаларымыздан үлкен нәтиже күтпеген абзал. Мұнымен қатар қорқынышымыз бен өзімізге деген сенімсіздікті де қайталайды. Ал біз қатты айқайлап ұрысқан кезде бір жерде дәл осы әрекетті қайталау үшін детальдарды есте сақтап қалуға тырысады. Сондықтан баламыздың болашақта қандай азамат болып өсетіндігі өзіміздің ғана қолымызда. Бар болғаны әрбір іс-әрекетіміз үшін жауап бере білсек болғаны. 

Балалар жоғарыда айтылған «ойынды» меңгерген соң түрлі эмоцияны көрсету арқылы ата-анасын өз ырқына көндіреді.  

Сурет: вк желісінен

Қ. Бүйенбай