Өмірдегі ең бақытты отбасы - 2 қызы бар ата-ана

Өмірдегі ең бақытты отбасы - 2 қызы бар ата-ана

16 жасқа дейінгі балалары бар 2 000 отбасымен тәжірибе жүргізген ғалымдар әке, ана және 2 қызы бар отбасының ең бақытты жандар екенін анықтады.

Әкенің ізін басар ұл, анаға қарап іс тігер қыз болуы керек дейтін отбасылар бұл пікірімізбен келіспеуі мүмкін. Алайда жоғарыдағы сөздің растығын ғалымдардың зерттеу жұмысы дәлелдеп отыр.

Мамандардың анықтауынша, отбасындағы 2 қыз еш уақытта бір-бірімен жауласпайды, керісінше қолдау көрсетіп, ата-анасын аз мазалайды. Олар аз шулап, ата-анасына толықтай сенім артады.

Мұнымен қатар отбасындағы қыздар саны 2 есе артатын болса, жағдай мүлдем басқаша болады. Бұл да -ғалымдардың айтқаны. Мұндай дерек келтірмес бұрын ғалымдар 16 жасқа дейінгі балалары бар 1000 отбасы арасында сауалнама жүргізген.

2 қызы бар ата-ана олардың үй шаруасында бір-біріне көмек көрсетіп, сабақты да жақсы оқитынын айтқан. Ал 4 қызы бар ата-аналар олардың күніне кем дегенде 4 рет жанжалдасатынын мойындаған. Кейбірі осы дауға байланысты үлкенірек үй сатып алуына мәжбүр болғандықтарын жасырмаған.

Екі қызы бар отбасыдан кейін бақытты деп бір ұл, бір қызы бар ата-ананы айта аламыз. Бұл 86% отбасының берген жауабымен байланысты. Ал екі қыз, екі ұлы бар отбасында жанжал аз болса да, өсе келе қызығушылықтары мүлдем басқа болатындығы байқалған.

Бұдан кейінгі жақсы үйлесім – отбасында 2 ұл, 1 қыздың болуы. Ұлдар өзара достық қарым-қатынаста болғанымен, ата-анасына көп сенім артпайды.

2 116 ата-ананың арасында жүргізілген сауалнамаға сәйкес 12 үйлесім анықталған. Олар төмендегідей:

1. Екі қыз.

2. Бір ұл мен бір қыз.

3. Екі ұл.

4. Үш қыз.

5. Үш ұл.

6. Төрт ұл.

7. Екі қыз бен бір ұл.

8. Екі ұл мен бір қыз.

9. Үш ұл мен бір қыз.

10. Үш қыз бен бір ұл.

11. Екі ұл мен екі қыз.

12. Төрт қыз.

Сурет: Қайсар Қауымбекұлының жеке парақшасынан

Қ. Бүйенбай