Отыз екі күн ішінде өзгеру

Отыз екі күн ішінде өзгеру

Сіз өзіңіздің ұнамсыз жақтарыңызды біле тұра өзгергіңіз келеді, алайда бұл мақсатқа қалай жету керектігін білмейсіз. Олай болса, мына кеңестерді пайдаланыңыз!

1. Осыған дейін «оқу керек-ау» деген кітапты қолыңызға алып, отыз екі күн ішінде толық оқып шығыңыз.

2. Күнде жаңа білім іздеңіз. Мысалы, ағаш атауы, сізге белгісіз елдің астанасы, далада кездестірген иттің тегін секілді өзіңізге таныс емес дүниелерді тануға ұмтылыңыз.

3. Өміріңіздегі өзіңіз ризашылықпен еске алатын 5-10 нәрсені қағазға жазыңыз, бұл жайлы әлемнің психологтары үнемі айтып отырады.

4. Осы отыз екі күн ішінде ешнәрсеге арыз, шағым айтпаңыз. Наразылық білдіру алдында өзіңізді тоқтатыңыз!

5. Күніне кем дегенде бір сағат қосымша табыс көздерін іздеумен айналысыңыз.

6. Спортпен шұғылданыңыз.

7. Отыз екі күн ішінде өзіңіздің кім болғыңыз келетіні және мақсаттарыңыз жайлы көп ойлауға тырысыңыз.

Осындай қадамға баруға дайынсыз ба?

Дайындаған: Фариза Әбілова

Сурет: content.ru

Ф. Абилова