Өмірге қажетті кеңестер

Өмірге қажетті кеңестер

"Өмірді қалай дұрыс сүру керек?" деген сұрақты өзіңізге не өзгеге қойып көрдіңіз бе? Ол үшін сізге мынадай біраз кеңес береміз:

1. Кітап оқыңыз

Кітап оқу сіздің сөздік қорыңызды кеңейтеді, сөйлеу мәдениетіңіз жақсара түседі. Сөйлеу кезінде сөйлемді дұрыс құрап, ойыңызды толық жеткізуді үйренесіз.

2. Шет тілдерін оқыңыз

Ең алдымен, шет тілін білу сізге жалақысы жоғары, келешегі бар жұмыс табуға септігін тигізеді. Ғаламторда шет тілін үйренуге арналған сан түрлі тегін материал бар. Сылтауыңыз бітсе, жалқаулықпен қоштасып, шет тілін оқуды бастаңыз!

3. Дұрыс тамақтаныңыз

Ағзаңыздың белсенділігі күні бойы қабылдайтын витаминдер мен минералдарға байланысты болады.

Дұрыс тамақтану үшін бірнеше кеңес:

– Тамақтану кезінде су ішпеңіз, тамақ алдында ішкеніңіз дұрыс. Ағзаңыз қорыту кезінде ішкен су асқазаныңызға зақымын келтіруі мүмкін екен. Шай, кофе және басқа да сусындарды тамақтанарға дейін 15-30 минут, ал суды 10 минут бұрын ішу керек.

– Күніне 5-7 рет тамақтанған дұрыс, себебі, бұл сіздің ағзаңыздың витаминдерді толық игеруіне септігін тигізеді.

– Күніне 1,5 литрден кем емес су ішу керек.

– Кешкі тамағыңыз жеңіл болғаны абзал және ұйықтауға кем дегенде 4 сағат қалғанда тамақтануға болады.

– Тамақтанып болған соң төсекке қисая кетпей, жүріп, серуендеп, не ыдыс жуып, әйтеуір, бір әрекет жасауыңыз керек.

4. Депрессиядан сақтаныңыз

Депрессия деген не?

Депрессия – еңбекке жарамдылықты кемітетін ауру. Ол тек ауырған адамға емес, оның жақындарына да әсерін тигізеді. Бүгінде көп адам бұл аурудың қаншалықты қауіпті екенін түсінбейді.

Депрессияны аңғартатын белгілер – жабығу, қайғыру, көңіл-күйі төмен болу, ызалылық, өзіне-өзі қаталдық.

Бұл күйде сіз тәбетіңізді жоғалтасыз, ұйқыңыз қашады, асқазаныңыздың қалыпты жұмысы бұзылады және тез шаршауға бейімді боласыз.

Депрессияға ұшырамау үшін кітап оқып, қызықты фильмдер қарап, достарыңызбен кофе ішіп, әңгімелесіп, таза ауада серуендеуіңіз керек.

5. Ұйқыңызды қалыпқа келтіріңіз

6. Жағымсыз әдеттерден арылыңыз

Қоғамда көп кездесетін жағымсыз әдеттер: темекі шегу, арақ-шарап ішу, есірткі қабылдау, тұрпайы сөйлеу, тырнақты тістеу, саусақтарыңыздың буындарын шықылдату, балағат сөздермен сөйлеу, жере түкіру.

Пайдалы әдеттерге мыналар жатады: күн тәртібін сақтау, таңертеңгі жаттығуларды жасау, тамақтану алдында қол жуу, төсегіңді жинап кету, заттарды орындарына қою, күнделікті тіс жуу, өзіңнің ыдысыңды жуу, дұрыс тамақтану.

Жалғасы бар...

Дайындаған: Фариза Әбілова

Сурет: postov.ru

Ф. Абилова