Көңіл-күйіңізді түсірмеудің жолдары

Көңіл-күйіңізді түсірмеудің жолдары

Күнделікті қарбалас тіршілік пен бітпейтін шаруалардың әсерінен көңіл-күйіңіз жиі түсе ме? Алаңдамаңыз, мұны шешудің жолдары бар. 

1. Іске кірісіңіз. Әуелі көңіл-күйіңізді жиі түсіретін келеңсіз жағдайларды ұмытуға тырысыңыз. Кез келген қиындықтан шығуға болатынын есте ұстаған жөн.

2. Өзіңізге ұнайтын нәрсені сатып алыңыз. Көңіл-күйіңіз болмағанда өзіңізге ұнайтын нәрсені сатып алудың пайдасы зор. Мәселен, дүкендегі көптен бері көзіңіз түсіп жүрген көйлекті сатып алыңыз.

3. Серуенге шығыңыз. Барлығын бір сәтке ұмытып, көңіл-күйіңіздің көтерілуіне серуенге шығу да себепші болады.

4. Жиі күліңіз. Ғалымдардың дәлелдеуінше, қиындыққа тап болғанда оны күлкімен жеңуге болады екен. Сондықтан көңіл-күйіңіз болмаған жағдайда өзіңіздің ең жайдары, көңілді жүретін досыңызға хабарласыңыз немесе комедия жанрындағы фильмдерді тамашалаңыз.

5. Сүйікті асыңызды әзірлеңіз. Көңіл-күйді көтерудің тағы бір жолы - дәмді тамақ. Өзіңіздің сүйікті асыңызды әзірлеу – сізді қуанышқа бөлейтін әрекеттердің бірі. Әсіресе, тәтті тағамдар көңіл-күйге жақсы әсер етеді. 

Дайындаған: Гүлнұр Бақытбекова

Сурет: xage.ru

Г. Бакытбекова