Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Альтруист. Біреудің өмірімен тыныстау мүмкін бе?

Альтруист. Біреудің өмірімен тыныстау мүмкін бе?

Альтруист. Біреудің өмірімен тыныстау мүмкін бе?

Біреу үшін өмір сүр...

Эгоистің кім екенін айттық. Бүгін эгоистің антонимі альтруист туралы ой өрбітсек.

Адам жаратылысы сондай, ол туа біткен эгоист. Адам әр қадамын аңдып басып, бұдан маған қандай пайда түсер екен деген оймен күн кешеді. Өзім ішсем, өзім жесем, өзімнің көйлегім көк, тамағым тоқ болса деген мақсат оны алға жетелеп, өз мүддесін бәрінен жоғары қояды. Дегенмен, өмірге басқаша көзбен қарайтын адамдар да бар екен. Олар - альтруистер.

Альтруист - өзгенің өмірімен, өзгенің қуанышымен тірлік кешетін адам. Үнемі өзгеге көмек қолын созып, біреудің жоғын жоқтап, мұңын мұңдайтын пенде. Әлбетте, қиын кезде көмек берсе, оның айыбы жоқ. Ананың баласына, не баланың анасына көмектесуі қалыпты жағдай. Ал альтруист өзіне бейтаныс адам одан көмек сұраса, одан бас тарта алмай, өз мүддесін тәрк ете отырып, соған көмектесе кетеді.

Жұрт қуанса, ол да жүрегі жарылардай қуанады. Ешкімнің меселін қайтарып, тауын шағып тастай алмайды. Жұмсақ мінезді, сабырлы альтруистер біреуге көмектескеннен ләззат алып, рақат табады. Және көрсеткен көмегі үшін қайтарым талап етпейді. Риясыз көңіл, кіршіксіз пейілімен көмек көрсетеді.

Альтруистің ең жағымсыз тұсы мынау. Өзгенің ауасымен тыныстайтын альтруистер өз басын екінші кезекке ысырып тастайды. Альтруизм сізді біреудің қолжаулығына айналдыруы мүмкін...

Альтруистің жарқын үлгісі - Прометей. Прометей Зевстің қарсылығына қарамастан, адамдар өмір сүрсін деп оларға Олимптан ұрлап, от әкеліп берді. Бұл үшін Зевс оған лайықты жазасын тартқызды. Прометейді құзар шыңға шынжырлап тастады. Күн сайын бұғаудағы Прометейге бүркіт ұшып келіп, оның денесін шоқып жейтін. Аңыз бойынша, Құдайлар ажалсыз болғандықтан, Прометей өлмесе де, нағыз азапты тартып жатты. Прометей Зевсті тақтан құлата алатын құдіретке ие еді. Бірақ, ол адамдар қиналмасын деп жан төзбейтін азапқа шыдап бақты. 

Әр кәллада бір қиял. Әр адамда бір арман. Альтруист осы өмірдің бақыты біреуге көмектесуден алатын рақат деп түсініп, жан қалауын қанағаттандыра отырып, сәтсіздікке тап болып жатса, оның себебі өз басымды ойламаудан деп санамайды.

Қоғамда тағы да филантроп деген ат төбеліндей топ бар. Олар көмекке мұқтаж жандарға (мүгедектерге, қарияларға, жетімдерге т.б.) көмек етумен айналысады.

Альтруист болған дұрыс па, бұрыс па? 

Сурет: a-lonely-walk.blogspot.com, immortalhumans.com

18
Рейтинг: +5

Қосылған күні: 29 мамыр 2012, 12:21

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.