Тест: "Қараңғыда естілген сыбыр"

Тест: "Қараңғыда естілген сыбыр"

Жарқанат туралы ойлаған кезде ең бірінші қараңғы үңгірді, түнгі аспанды, жалмауыз кемпір сынды кейіпкерлерді ойлайтын шығарсыз. Адамдардың қорқынышына айналған жарқанаттардың бұдан да өзге қасиеттері бар. Өздерінің ұсқынсыз болғанына қарамастан, олар да адамдар секілді сүтқоректілер тобына жатады. Өздерінің балаларын ерекше жақсы көріп, қорегін тауып береді. Мұнымен қатар олар өзара бір-бірін жақсы түсінеді.

Сіз қараңғы үңгірдің ішінде адастыңыз. Артқа қайтатын жол іздеп жүргеніңізде бір жарқанат ұшып бара жатып құлағыңызға сыбырлайды. Бұл сүтқоректі қандай сөздер айтты деп ойлайсыз?

1. Мен шығатын жердің қайда екенін білемін.

2. Соңымнан ер, мен саған дұрыс жолды көрсетейін.

3. Ары қарай іздей бер.

4. Сен бұл жерден еш уақытта шыға алмайсың.

Жауабы:

Біз жазған сценарийде жарқанат адасып жүрген адамға жол сілтеуші. Ал оның не деп сыбырлағанына байланысты сіз адамдарға қалай көмектесу керектігі туралы көзқарасыңызды білдіресіз.

1. Мен шығатын жолды білемін. Сіз өзіңізді тым білгіш секілді ұстайсыз. Үнемі қол ұшын беруге тырысасыз, бірақ кейде сіздің көмегіңізді сұрамаса да, кірісіп кететін тұстарыңыз болады. Нәтижесінде қажетсіз іске кірісетін адамдай көрінесіз.

2. Соңымнан ер, мен саған дұрыс жолды көрсетейін. Сіздің сүйіспеншілікке толы жүрегіңіз бен өзгеге қол ұшын созатын жомарттығыңыз – үлгі боларлық қасиеттер. Адамдар қиындыққа тап болған кезде сізден өзіне деген қамқорлығын сезеді. Тіпті сіздің жанында жүргеніңіздің өзі қиындықтан құтқаратындай әсер сыйлайды.

3. Ары қарай іздей бер. Сіз қарсы алдыңыздағы адамның жеке шекарасын сыйлап, белгілі бір мөлшерде дистанция сақтауға тырысасыз. Және адамдардың өз қиындықтарын өздері шешкендері жөн деп есептейсіз. Осы принціпіңіздің арқасында сізді көп адам сыйлайды.

4. Сіз бұл жерден еш уақытта шыға алмайсыз. Сүрінгенге жұдырық ала жүгіретін жандардың бірісіз. Мүмкін өзгелердің бақытсыздығынан ләззат алатын шығарсыз. Осы мінезіңіздің арқасында көп достарыңызды жоғалтасыз. Абай болыңыз.

Ал сіздің нәтижеңіз қандай болды?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: rumbur.ru

Қ. Бүйенбай