Қорқыныш, күдік сезімдерімен қалай күресеміз?

Қорқыныш, күдік сезімдерімен қалай күресеміз?

Қанша жерден бақытты болсақ та, жүрегіміздің түбінде бір күдік тұрады. Ол күдік көп ұзамай үлкен қорқынышқа айналады. Осыған байланысты ғалымдар зерттеу жүргізген екен.

Зерттеу нәтижесі төмендегідей:

– Біз қорқатын 87% оқиға еш уақытта жүзеге аспайды;

– Ең көп дегенде 7%-ы ғана орындалады;

– Оның ішінде 6%-ын толықтай меңгеріп, күресуге болады.

Яғни, біз қорқатын дүниелердің көп бөлігі жүзеге аспайды екен. Тіпті жүзеге асып жатқан жағдайда онымен күресуге қауқарымыз жетеді. Сіз бен біздің қорқынышымыз негізсіз.

Қорқыныштың себебі біреу ғана: жалған дәлелдер шынайы болып көрінеді. Қорқыныш дегеніміз – адамның жағымсыз оқиға мен соның нәтижесін тоқтататуға күші жетпейтіндігі туралы ойына қарсылық танытатын физикалық реакция. Көп адамның өмірлік қорқыныштары мүлдем орындалмайды.

Мұның барлығы да қиялымыздан

Сіз қорқатын дүние міндетті түрде орындалады деген факті жоқ. Сондықтан қандай жағдай болмасын өзіңіздің қай бағытқа қарай жылжып бара жатқандығыңыз туралы ойлаңыз. Тек жақсылық туралы ойлауға тырысыңыз, ақырында бақытты боласыз.  

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: rabota-x.ru

Қ. Бүйенбай