Қарсы алдыңыздағы бойжеткенмен тіл табысқыңыз келсе (жігіттер үшін)

Қарсы алдыңыздағы бойжеткенмен тіл табысқыңыз келсе (жігіттер үшін)

Зерттеулер нәтижесі бойынша, бойжеткендер әңгімелесу барысында белгілі бір ережелерді ұстанады екен. Егер қарсы алдыңызда отырған бойжеткеннің жүрегін жаулап, өзіңізге қаратқыңыз келсе, төмендегі бірнеше ережені қатаң сақтаңыз.

Зерттеу құр сөзге негізделмеген, ол үшін тәжірибе жүргізіліп, арнайы әйел адамның қан айналым жүйесі мен миының құрылымы есепке алынған.

1. Әңгіменің ішінде болыңыз

Өзіңізге кезек келеді екен деп күтпеңіз. Өйткені бойжеткендердің миы бір уақытта әңгіме айтып, тыңдай алатындай құрылған. Олардың қалайша құлағына телефон тосып алып, басқа бір жұмыспен айналысатындығын енді түсінген боларсыз. Олар бар болғаны мұны жасай алады. Егер өзіңіз сөйлейтін кезекті күтер болсаңыз, қартайып қалуыңыз мүмкін. Ал қарсы алдыңызда отырған бойжеткен әңгімеге қатыспай отырғаныңызды байқаса, сізді қызығушылық танытпай отыр немесе айтып жатқан әңгімесі мүлдем орынсыз деп ойлауы мүмкін.

2. Тыңдап отырып, бет әлпетіңізді өзгертіңіз

Бет әлпет бойжеткеннің ішкі жан-дүниесін танытады. Сондықтан бар болғаны оны тыңдап отырған кезде өзінің бет әлпетіндегі қимыл-қозғалысты қайталаңыз. Бұл арада түсіністіктің орнауына септігін тигізеді. Бірақ еш уақытта жігітпен сөйлесіп отырған кезде бұлай жасамаңыз!

3. Айтатын әңгімеңіз жеке детальдар мен эмоцияға толы болуы тиіс

Қыз баласының миы өзгелердің эмоциясын жазбай танып, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа баға беруге лайық жасалған. Айтылып жатқан сұраққа қатысты өз пікіріңізді, отбасыңыз, өзіңіз, достарыңыз туралы айтып беріңіз.

4. Жанама мағынадағы сөздерді пайдаланыңыз

Байқасаңыз, қыздар жігіттерге қарағанда сөйлемді ұзақ етіп құрастырады. Олар бір уақытта бірнеше тақырыпты түрлі күйге түсе отырып баяндай алады. Еш уақытта бірден әңгіменің түйініне өтіп, шешімін ұсынбаңыз. Тік мінезіңіздің арқасында қыздармен тіл табысамын деп ойламаңыз. Достық жылы қарым-қатынасыңызды көрсетіңіз. Және оның сөзімен жиі келісуді ұмытпаңыз.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет авторы: Yerlan Kidirov (сурет өңделген)

Қ. Бүйенбай